ЖЕҢІЛДЕР ЖЫЛДАМ КӨТЕРІЛЕДІ

ЖЕҢІЛДЕР ЖЫЛДАМ КӨТЕРІЛЕДІ

1478
2 мин
ЖЕҢІЛДЕР ЖЫЛДАМ КӨТЕРІЛЕДІ

Хазіреті Әли былай дейді:

“Адамдар жылдам көтерілгісі келеді. Алайда, ең жылдам көтерілетін нәрселер: шаң, түтін, сабан және қауырсын. Яғни, жеңіл нәрселер жылдам көтеріледі”

Тасаууфта да мүрид сәйр ус-сулук жолына түскенде, яғни рухани кемелдік сапарына шыққанда нәтижесін жылдам көргісі келеді. Бір сәтте жүрегінің көзі ашылып, ғажап дүниелерге куәгер болғысы келеді. Міне, мүрид алғаш осы сезімімен сыналады.

Тасаууфта табандылық пен тұрақтылық шарт! Бір мақамда қаншама жылдар бойы тұрған сопылар болған. Хажы Абдуллаһ әл-Ансари әл-Харауи “Мәнәзил ус-Саирин” атты еңбегінде мақамдар мәртебесінің бірінші сатысын “Ояну” мақамынан бастайды. Яғни, ғапылдықтан ояну, жалғанды жалған, хақты хақ етіп көретіндей ояну мақамы. Ғапылдықтан ояну да бір сәтте болмайды ғой. Міржақыптардың өзі “Оян, Қазақ!” деп халыққа ұран тастағанымен, халық жаппай ояна салған ба еді? Халықты ғапылдық ұйқысынан ояту үшін қаншама жылдар бойы күресіп, ақырында өздері құрбан болды.

Бұл мақамнан кейін “Тәубә” мақамы келеді. Бүгінде күнә жасап, тәубе еткен соң, сол күнәмызға қайрылмай, қаншауымыз табандап тұра алдық? Ғайбаттан тәубе етіп те, ғайбатты біржолата тастап кеткеніміз болды ма? Міне, тәубе еткен күнәларыңа екінші қайрылмағаныңда ғана тәубә мақамынан өту мүмкін болмақ. Сондықтан да, жылдам өрлеу тек жеңілдердің қасиеті.

Ал сопылық салмақтылықты қажет еттіреді. Мүршидіңнің берген уазифаларын (міндет), әзкарын (зікірлер), уирдін (таңертең-кешке оқылатын аят-дұғалар) тұрақты әдетіңе айналдыра алуыңның өзі табандылық пен жанкештілікті керек еттіреді. Рухани өзгерісті былай қойғанда…

 

Салтан САЙРАНҰЛЫ

“Тасаууф тұңғиығынан” телеграм парақшасынан

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс