ЖАСЫМ ЖИЫРМАДА...

ЖАСЫМ ЖИЫРМАДА...

275
4 мин
ЖАСЫМ ЖИЫРМАДА...

       Үлкен супермаркетте еден жуушы болып істеймін. Жақында еден жуып жатсам, жаныма бір қария келіп:

«Тазалығыңыз үшін сізге рахмет! Бұл жұмыстың қандай екенін жақсы білемін, -өзім 20 жылдай еден жуғанмын,-деп басын иді.

          Оның осы мақтауынан қандай күйге түстім десеңші, әсіресе ақсақалдың бас игені. Шыдай адмай, жылап жібердім.

*

          Бүгін метрода музыка тыңдап кетіп бара жатсам, жаныма бір әйел келіп отырды.

          Ол мейірімді түрде телефонымды өшіруімді сұранды, кардиостимуляторы дұрыс істемей тұр екен. Осы кезде метро ішінде басқа адамдардың да телефондарын өшіпріп жатқанын байқауға болатын еді.

*

          Менімен бірге реабилитация бөлімінде бойы екі метр болатын, жасы қырық бестердегі кісі жатыр.

          Ол емдік дене шынықтыруды қинала жасайды, бірақ денесі қанша ауырып жатса да, азамат соны білдіртпейді ғой.

          Бүгін үйіндегілер артынан оның дәу итін алып келіпті, ол соны екі қолымен құшақтап бар дауысымен жылады.

*

          Кішкентай кезімде әжем базардан келген сайын, маған әр түрлі тәттілерді әкеліп, қоян беріп жіберді деуші еді.

          Қазір ол кісі жатыр, тұрып жүрмейді, енді мен ол кісіге әр түрлі тәтті-пәттілерді әкеліп:

«Әже, қоян беріп жіберді»,-деймін.

          Әжемді жақсы көремін.

*

          Ауырып тексерілгенімде менде обыр дерті бар екен, мысығым үнемі үстіме жатып алатын. Кейін ол ауырып қалды, ол жаман ауру боп шықты. Сөйтіп байғұс мысығым қайтыс болды, ал мен жазылып кеттім.

          Енді оған бар жасаған жақсылығына алғыс айтудамын, себебі менің күйеуім мен екі балам бар ғой.

*

          Жаздың күні метродан шығып бір ауламен өтіп бара жатып, шамасы 4-5 жасар қызы мен отыздар шамасындағы әкені көрдім. Әкесінің шыж-быжы шығып жындануда. Маған, қарындас, көмектесіп жіберіңізші дейді. Бала деген періште емес пе, көмектесіп жіберейін дедім. Жандарына барсам, ол қызының шашын екі бұрым қылып өріп бер дейді. Бұған еріксіз күліп жібердім. Шашын өріп бердім. Кішкентай қыз маған риза болып бетімнен сүйіп алды. Әкесі шашын өре алмай әбден қиналған ғой деймін. Аналары командировкада екен.

*

Ешқашан кептерлерді ақылды құс деп санамаппын. Жақында көрші подъезде бір әже қайтыс болды, ол кісі ылғи үйсіз-жайсыз ит-мысықтарды асырап жүретін. Ол кісі аулаға шығып дауыстаған замат барлық ит пен мысық жиналатын. Кептерлер де ұшып келуші еді. Подъезден ол кісінің мәйіті жатқан табытты шығарған кезде аулаға көп кептерлер жиналды. Мәйітті алып кеткен соң, кептерлер тағы бір сағаттай аулада әуеде ұшып жүрді. Соншама көп кептерді тіпті әжемнің тамақтандырып жүрген кезінде де байқамаған екенмін.

*

          Терминалдың істемейтіні жөніндегі хабарландыруды байқамастан дүкенде тұрмын. Алған тауарларымды есептеп қойды, қалтамда қолма-қол ақша жоқ еді. Кәссір ашулана бастады, артымда тұрған қыз оған 100 сом ұсынып:

«Бұл кісіге есептеңіз, біз кейін өзіміз тіл табысамыз»,-деді. Мен оңашада ол қыздың жанына келіп соткасына әлгі жүз сомды салайын десем, ол қыз маған:

«Кейін өзіңіз де қиналып тұрған бір адамға көмектесерсіз, Мен жұмысқа кешігіп барамын»,-деп асығып кетіп қалды.

          Басқа адамдарға көмектесу жақсы мінез.

          Сол арқылы біз АДАМ деп аталамыз.

 

Бақытты Өзгерістер

Аударған Жүрсін Кәрім

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс