قَالَ النَّبِىُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اَلْإِسْلَامُ يَعْلُو وَلَا يُعْلَى. (خ)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Ислам діні үнемі жоғары, ешбір нәрсе одан жоғары бола алмайды”. (Сахих Бұхари)
Мұсылмандардың басына келген апат-бәлелердің себебі, дініміздің әмірлеріне, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне қайшы әрекет етуден туындайды.
Сол себепті материалдық һәм рухани апаттардан аман болу үшін мұсылмандар Исламның үкімін орындауда малымен, жанымен күш-қайрат көрсетулері керек.
Мұсылмандардың күнә жасауларына тосқауыл болу, бидғатшылар ойлап тапқан дінде негізі жоқ нәрселерден тыйылып, биғаттың нендей жаман нәрсе екенін түсіндіріп, Исламның үлкен мәдениет, зор бақыт екенін айту қажет. Өйткені үмметтің амандығы осыған байланысты.
Білімді адамдар, шариғатты жеткізуден қашса, үнсіз қалса халық дәннен ұзақ қалса, «Жақсылықты жайып, жамандықтан тыйасыңдар ма? Әлде, Алла Тағала қайран қалдыратын, тас қараңғыдай апат, бәлелерді жауырсын ба?» деген мағынадағы хадис шәріп жүзеге асады.
Ислам діні, әр сөзі амандыққа бастаған, дүние мен ақыретте азаптан құтылу жолын көрсететін, қуанышқа, бақытқа жетелейтін мінсіз дін. Адам баласының хақ, шын нәрсеге қарсы келуі, тек дұрыс білмегендігінен туындайды. Ал біліп тұрып қарсы келгендер, бұл дүниеде болмаса да, о дүниеде сөзсіз өкінеді. Бірақ ол кезде өкініш пайда бермейді.