ЖАЛҚАУЛЫҚ ЖАЙЫНДА ДІН НЕ ДЕЙДІ?

ЖАЛҚАУЛЫҚ ЖАЙЫНДА ДІН НЕ ДЕЙДІ?

566
2 мин
ЖАЛҚАУЛЫҚ ЖАЙЫНДА ДІН НЕ ДЕЙДІ?

Жалқаулықты тудыратын нәрсе - жантыныштығын сүю, жігерсіздік және қиындыққа төзімсіз болу.

«Сахих Бұхари» мен «Сахих Мүслім» хадистер жинағында мынадай риуаят бар. Сахаба Әнәс ибн Мәлік былай дейді:

«Алла елшісінің (с.а.у.) ең көп айтатын (дұғасы): «Аллаһым, мен сенен қайғыдан, уайымнан, әлсіздіктен және жалқаулықтан пана тілеймін» деген (дұға) болатын». 

Және Имам Мүслім келтірген хадисте де сахаба Әбу Һурайра Алла елшісінің былай дегенін жеткізеді:

«Қуатты мүмін әлсіз мүміннен жақсырақ және Аллаға сүйкімдірек». 

Сондықтан да, өзіңізге ұнамайтын жағдай туындаса Аллаға сиыныңыз, одан жәрдем тілеңіз, әлсіздік танытпаңыз. Егер басыңызға бір нәрсе келсе «былай істегенімде ғой, олай болмас еді, былай болар еді» демеңіз, оның орнына: «Алланың тағдырға жазғаны осы, Ол қалаған нәрсесін жасайды» деңіз. Өйткені «егер де», «әттеген-ай» деген сөздер шайтанның ісіне жол ашады.

Атақты Құран білгірі сахаба Абдулла ибн Мәсъудтың (р.а.) мынадай сөзі бар:

«Мен не дүние ісімен шаруасы жоқ, не ақырет ісімен шаруасы жоқ, бос жүрген адамды көрсем ашуым келеді» деген сахаба. Және аталмыш сахабаның мынадай да сөзі бар:

«Ақырзаманда бір қауымдар болады, олардың ең жақсы істері - бір-бірлерін жазғырып, кінәлап отыру болады. Олар «сасықтар» деп аталады» деген. (Сахабаның бұл сөзін хадис дейтіндер де бар). 

Тағы бір ғалым сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді:

«Жайбасарлық жалқаулықпен үйленіпті. Екеуінен кедейлік туыпты» дейді астарлап абыз сахаба. 

Сахабаның көзін көрген хадисші тәбиғин Суфиянус әс-Сәури (р.а.) жалқаулық жайында астарлап былай деген екен:

«Ел асыл тұқымды атпен қасымыздан өтіп кетті, біз болса есекпен артта қалдық»1.




1  Абдуррахман ибн Жәузи: «Тыйббур Рухани». 52 бет.


 Тұрғын Нұғман

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс