ЖҮРЕКТІҢ КҮЙІ

ЖҮРЕКТІҢ КҮЙІ

1251
2 мин
ЖҮРЕКТІҢ КҮЙІ

Эрзурумдық Ибрахим Хакқы (рах.) жүректің кейбір жағдайын былайша сипаттайды:

Жүрекке достық та, дұшпандық та келеді. Өйткені жақсылыққа шақыратын періштенің илхамы (жүрекке келетін жаксы ой) да, жамандыққа шақыратын шайтанның уәсуәсәсі (жаман ой) да жүрекке келеді. Осы екі шақырудың ішінде шайтанның шақыруын тастап, жақсылыққа бет бұру өте қиын. Сол себепті жақсылыққа бет бұруға бел байлау керек.

Жүректің тағы бір жағдайы, жүректің ағзада басқа мүшелерге қарағанда атқаратын рөлі ерекше. Өйткені ол ақыл мен нәпсі қалауы бір-бірімен таласып, күресетін орын. Сондықтан мұндай соғыстан, бейхабар болу үлкен кемшілік. Мұндай қамалды нәпсінің қалауынан және шайтанның уәсуәсәсынан (сыбырынан) қорғау керек.

Жүректің тағы басқа жағдайы, бұл оның басына күндіз-түні тынымсыз жаңбырдай жауатын ойлардың үздіксіз келетінін білдіреді. Өйткені, жүрек екі қабақтың арасындағы көзге ұқсамайды, оны жабу арқылы жұбаныш таба алмайсың. Жүрек екі еріннің арасындағы тіс пен тіл сияқты емес, үндемеу арқылы құтқарыла да алмайсың. Керісінше, адам жүрегі ой жебелеріне тігілген белгі іспетті, ол жебелерден ешбір жағдайда құтыла алмайды. Сондықтан жүректі жаман ойдан

сақтау қиын іс, оңайлықпен жүзеге аспайды. Олардан қорғану керек.

Жүректің енді бір жағдайы, ол өзгеруге  бейім болғандықтан, апаттар жүрекке өте тез жетеді. Оған тиетін апаттың ең төменгі дәрежесі – қараңғылық (жүректің қаттылығы) және дүниеге бейімділік пен махаббат. Соңғы дәрежесі  күпірлік, бидғат және Алланы жоққа шығару.

Сол себепті де Алланың ерекше құлдары жүректеріне толық мән беріп, Алла тағаланы жүректерімен еске алуды әдетке айналдырған. Осылайша олар Алла тағаланың көмегімен тура жол тауып, ақиқат жолында қалды.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс