Есіңізде болсын, рухани ізденіс жолында жоғары дәрежеге жету үшін ОҚУ екіншіде, барлық оккульттық білім мен психологиялық заңдар, барлық сиқырлы күштер, осының бәрі екінші деңгейде болады.
Ең алғашқы және ең басты принцип – ол жүрек сапаларын арттыру.
Жүрек сапасын қалай арттырамыз?- деп сұрауы мүмкін.
Бір-ақ әдіс бар: осы жолда әр қадам сайын тәуекелді күшейтіп отыру керек, себебі тек өзіміз ғана жайлы ойлар махаббаттың сапасын арттыруға кедергі жасайды.
Өзіміз жайлы көп ойлаған сайын, басқа адамдар жайлы аз ойлаймыз, ары кеткен сайын нәпсіміз өсіп, жағдайымыз нашарлай береді, нашарлай береді.
Сонымен ақырында өмір бойы күресіп жүрген нәпсіміз алдымыздан бір алып болып ашығады, сонымен міне сапар соңында ол алып бізге бой бермейді.
Ал егер руханият жолында ең алғашқы қадамнан бастап осы алып боп тұрған нәпсімізбен алысып-күресек, оны тек махаббатымызды күшейту арқылы ғана жеңе аламыз.
Махаббат деп нені айтып тұрмын?
Бұл сондай сөз, оны тек бір-ақ сөзбен айтып анықтау қиын.
Жақсылық, мейірім, жақсылыққа құмарлық, мойынсұну, ізгілік, мінез жұмсақтығы, кішіпейілдік, осы атрибуттардың бәрі – осы сөздің мағынасын береді.
Махаббат деген сонымен жоғары қарай атылған тасқын, кейін ол фонтан секілді төмен құлдырағанында, әр төмен түсіп жатқан ағын – жақсылық боп табылады.
Кітаптар айтатын, сосын дін насихаттаушылары айтып жататын жақсылық атаулының күш-құдіреті жоқ, себебі оның бәрін оқып, жаттап алуға болады; жалпы осындай оқып, жаттап алған жақсылықтың күштілігі, өмірлігі болмайды.
Бірақ жүрек түбінен шыққан жақсылықтың орны бөлек, себебі ол махаббаттың қайнарынан шығады, сосын ол әр түрлі атрибуттар түрінде жауады, міне осы жақсылық - нағыз жақсылықтың өзі.
Үндістердің айтатын бір сөзі бар: «Сізде қанша байлық бар, оның еш маңызы жоқ, егер сенде жақсылық қазынасы болмаса, бәрі бекер».
Нағыз байлық – ол үнемі күшейіп отыратын махаббат қайнары, бар жақсылық содан шығады.
Хәзіреті Инаят Хан
аударған Жүрсін Кәрім