Көзім - Сені көрмек үшін, қолым - Саған созбаққа,
Жаным бүгін сапар шегер тағдырынан озбаққа.
Құзырыңа жеткен кезде, ала бермей сұраққа,
Сен де бір сәт мейірім төк: тастай көрме жұмаққа.
Бау-бақшаң да керек емес, кірмеймін ол тұраққа,
Жұмақ үшін жылағам жоқ, жанымды олай жұбатпа.
Жәннат дейсің, және де оған шақырасың барлығын,
Хордың қызын ұсынасың, ол да емес қой зар-мұңым!
Ей, Жан Аллам! Жарылқай гөр Жар аңсаған жанымды,
Қойнына сап һүрлеріңнің сындырмағай сағымды!
Жұмағың мен хор қыздарын Жақсыларға қалдыр да,
Сүйіктісі бар бейбақтың көңілін бұлай қалдырма.
Жамалыңды бір көрсетіп, жанымды оттай жандыр да,
Тозағыңа тастап жібер, құмарымды қандыр да.
Міскін Жүніс Саған ынтық, ынтықпысың Сен де оған?
Бір тілекті берсең етті, Сенсің - Ұлық, мен - тозаң.
Қалыптаған Ләйлі ҚҰНДАҚБАЙ