ӨЗ ХАЛІНЕ ШҮКІРШІЛІК ЕТУ ЕҢ ДҰРЫСЫ

ӨЗ ХАЛІНЕ ШҮКІРШІЛІК ЕТУ ЕҢ ДҰРЫСЫ

1144
2 мин
ӨЗ ХАЛІНЕ ШҮКІРШІЛІК ЕТУ ЕҢ ДҰРЫСЫ

Aсхаб кирам әбден қиналып жоқшылық зардабын тартқан тұста Әбу Жәхилдің жеті бірдей сауда керуені келеді. Керуенде тауар мол, сан алуан тағам және киім түрлері болады. Расулалланың (с.a.у.) көңіліне асхабының мүшкіл халі және мына мүшріктердің молшылықтағы жайы тигенде Алла Тағала Хижр сүресінің 87 және 88-ші аяттарын түсірген. Бұл қасиетті аятта айтылады, мағынасы:

“Ант етейік! Біз саған «Cәбғу мәсәни» мен осынау ұлы Құранды бердік. Кәпірлердің бір бөлігіне берген дүниелік өткінші нығметтерімізге қызығып көз сүзбе. Сондай-ақ (иман етпеді, ақиқатты түсінбеді, деп), олар үшін мұңайма…”

Яғни ‘Уа, Хабибім! Ана кәпірлердің кейбіріне берген өткінші дүниелік нәрселер қандай пайдалы көрінсе де, саған берген Құран кәрім нығметімнің жанында түкке де тұрғысыз’ дейді.

Әбу Бәкір Сыддықтан былай риуаят болған:

“Кімде-кімге Құран кәрім (ілімі) беріліп, ал ол басқа біреуге одан артығы берілді деп ойласа, сөз жоқ, оның Aлла Tағаланың үлкен қылғанын кіші, қор көргенін зор санағаны”.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: 

“Араларыңда біреу мал және дүние жағынан өзінен артығына ие болған адамға қарағанда (үмітсіздікке түспесін). Бірден жағдайы өзінен төмендерге қарасын”.

Құдіретті Aлланың баршаға берген шексіз нығметтері бар. Хадисте өзінен артық болған адамдардың жағдайына қараудың кәрахәті-жағымсыздығына дәлел бар. Өйткені мұнда Алла Тағаланың өзіне бұйыртқан нығметтерді менсінбеу мағынасы жатыр. Ондай ахуал нығметке шүкіршіліктен аулақтатады.

Пайғамбарымыз басқа бір хаисінде былай дейді:

“Өздеріңнен төмендерге қараңдар! Өздеріңнен үстіңгілерге қарамаңдар! Бұл Aлланың сендерге берген нығметтерін аз-кем көрмеулерің үшін тиімді”.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс