ҚЫЗДЫ ТӨРГЕ ШЫҒАРУ

ҚЫЗДЫ ТӨРГЕ ШЫҒАРУ

413
3 мин
ҚЫЗДЫ ТӨРГЕ ШЫҒАРУ

Желіде орамалға оранған қазақ қызы қазақтың қызды құрметтеу дәстүрін "Ол бізге Нұх пайғамбардын жеткен, дін бізге қыздарымызды құрметтеуге үйреткен" деп, шабыттана сөйлеп жатыр екен....

Иә, өте қиын тақырып, әсіресе, қазіргі қыз тәрбиесі әлсіреп, ол өзінің ұлттық тамырынан ажырай бастағанда - бұл мәселе халықты ойланта бастады...

Бұл сұрақ туралы кеңінен жазуға болады - ол қазақтың салт-дәстүрінің бел омыртқасын құрайды.

Сондықтан, ондай іргелі еңбекті кейінге қалдыра отырып, бүгін "тик-ток қызға" өте қысқаша жауап беру керек деп шештім.

Қараңыздар!

- Қазақта қыз тәрбиесі Жеті ата шежірелік заңына сай құрылады.

Яғни, ол "бір елде біреулер осылай етіпті" деген жасанды конструкциядан емес, халықтың өзінің мың-мың жылдық тарихи тұрғыда қалыптасқан, халықтың өмір сүру салтымен біте қайнасқан дүниетанымдық және дәстүрлік бастауларынан шығады.

Ол бойынша қазақ қызы "бойжеткенде бөтен елге (басқа руға) кететін, табиғаты толысуына сай "жатжұрттық" болып саналады.

Қыз кезінде ол - қонақ.

Сондықтан, қазақ дүниетанымында үнемі де "Қыз баланы құрметтеп, оған қонаққа сай сый-құрмет көрсету қажет" деген түсінік тұрады.

Ертең, ол "қонақ" (өз қызың) бөтен елге барып, Ана болғанда, Ұрпағына сөзі өткенде - төркініне (қыздың атамекеніне) жақсы қатынаста болады деп сенген... Яғни, қазақ қызды "екі елді біріктіруші, жалғастырушы бейбітшілік шырағы" деп таныған...

Бұл - "Ел мен елді жалғастыратын, құда болып бауыр-құйрық жегізетін ҚЫЗҒА деген құрмет.

Ал, қызды "дүниеміз шашылмасын" деп, өз бауырына қатындыққа беретін елде - қыз әруақытта көлеңкеде тұрады, ол өзгенің талабын мүлтіксіз орындаушы ғана.

Ал, қызды "еркектің ойыншығы" деп санайтын елде - ол "саудаға түсетін еркекке қажет зат" ретінде саналады.

Ол жерде қызға тек "жыныстық қатынас құралы" деген мүліктік "құрмет" бар...

Басқа тұрғыда, ол бағаланбайды...

"Мүлік" ретінде әйел өз функциясын орындап қалумен шектеледі. Еркекпен қатар жүру, онымен бірге отыру - жазаланады.

Өйткені, ол мүлік өзгені қызықтыруы мүмкін...

(Сірә, ол жақтың еркектері қыз көрсе болды, саналары мен ақылы "төменге" ауып кетерін білетін сияқты - бұл жеке зерттеуді талап ететін психологиялық проблема))...

Өз қызына, қарындасына, келініне де шауып кетуі мүмкін екенін де сезеді...

(Ондай дәстүр көріністері интернет арқылы мәлім бола бастады)

Себебі, ол елдерде ЖЕТІ АТА Заңы болмайды.

Яғни, қазақ халқы ЖЕТІ АТА дей отырып, өз қызының абыройына ежелден көңіл бөлген ТЕКТІ ХАЛЫҚ болған десек болады...

Бұл - құр мақтаныш емес, даналықпен дәлелденген ақиқат!

(Руластар өз қыздарын жеті атаға дейін "қарындасым" деп санағандықтан, ол ру жігіттері қарындастарына деген таза оймен болуды қатаң ұстанған.

Оны білетін қыз да аға алдында биязы болған, жаман аттан қатты сақтанған)

Міне, "төр" түсінігі туралы шындық осы!

 

Ә.БӘКІРҰЛЫ

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс