Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген — дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісіге бірге туыспау керек,
Туысқан соң, сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай,
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай.
Тындырымды інісі болса,
Қанат-құйрығы сай болып,
Ағаның алар тынысы болса,
Көңілі жай болып, інінің міндеті — басқару,
Ағаның реті бас бағу емес пе?!
Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ.
Серік Негимов.
«Шешендік сөздер» кітабынан