«Өткеніңді ескеру - өскендіктің белгісі» дейді дана қазағымыз. Ысқақ хазірет өз заманының белгілі тұлғасы, кезінде ұмыт болған ұлттық құндылықтарымыздың жоқтаушысы болған адам. Ол - қазақ жастарының білім алуына және мешіт ашып, асыл дінімізді насихаттау жолында тер төккен адам.
Ысқақ хазірет 1883 жылы қазіргі Ленин кенті, бұрынғы Жылқайдар Күшік ауылындағы Бектас отбасында дүниеге келген. Бұл ауыл Павлодар қаласына жақын болған-дықтан, сол кездегі көзі ашық, көкірегі ояу жастар білім алуға тырысқаны белгілі.
Солардың арасында дін мен білім ағартушысы болған Ысқақ ата өзінің белсенді жұмысын жүргізген.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны,
Маған қиын осылардың бәрінен,
Өз ауылыңның иттері үріп, қапқаны,-деп алаштың арысы А.Байтұрсынов айтқандай, оның өмір сүрген дәуірі де де әділетсіздік пен келеңсіздікке толы болғанына тарих куә.
Ысқақ хазірет хат танитын, көзі ашық, көкірегі ояу жастарды қоғамдық істерге тартты. Дін ағартушысы алдынан шыққан қиыншылықтардың көбіне төтеп бергендердің бірі болатын.
Ысқақ хазірет өз ортасының қадірлісі, елінің елеулі, халқының қалаулы ақсақалы болды. Ол ислам дінін таратып, насихаттаушылардың алдыңғы қатарындағы жан болатын.
Кеңес үкіметі дәуірінде Ысқақ хазірет қасиетті дінімізді тек Қазақстанда ғана емес 1943 жылы ислам дінін Өзбекстанның астанасы Ташкентте, жалпы Орта Азия халықтары арасында насихаттады.
1917-1918 жылдары Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Құрылтайы отырысында өзбектің Эшон Бабахан ибн Абдулмаджид есімді адамын мүфти етіп сайлайды. Қазақтан Абдул Гаффар Шамсутдиновты орынбасары қойды. Эшон Бабахан ибн Абдулмажидхан исламның дінін уағыздаушы, діни қызметкері, шейхі, ғалым-теолог. Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары басқармасын алғаш құрастырушысы әрі тұңғыш төрағасы. Бұл кісінің атында Ташкент қаласында мешіт бар. Сөйтіп, осылайша жер-жерлерде мешіт-медреселер ашыла бастайды. Имамдар сайланады.
Павлодар қаласында Бижан мешіті жұмыс істей бастаған. Облыс имамы болып Бектасов Ысқақ хазірет тағайындалған.
Ысқақ хазірет 1944-1958 жылға дейін осы діни орданы басқарып, 1959 жылы өмірден озады. Арасында жала жабылып 1949 жылы 4 ай Петропавл түрмесінде отырып, ақталып келген еді.
Павлодар қаласының 1мамыр көшесінде орналасқан «Бижан» мешіті - осы Ысқақ хазіреттің тұсынан бері келе жатқан имандылық ордасы.
Бүгінде Атамекен кентіндегі мешіт«Ысқақ хазірет мешіті» деп аталады.