Үйленбей тұрып оқы, әйтпесе үйленбе:
Сен мынаны түсінуің керек – уақытың енді өзіңдікі емес, отбасыңа тиесілі.
Сен мынаны түсінуің керек – енді бірінші орында достарың емес, жұбайың тұрады.
Сен мынаны түсінуің керек – кейде отбасыңды тойдыру үшін өзің аш қалуың мүмкін.
Сен мынаны түсінуің керек – отбасылық өмір – бұл тұрақтылық. Яғни, кейде бірнеше күндер мен түндерді үйіңнен шықпай, жұмыспен, біліммен айналысып, отбасыңның қажеттерін өтеумен өткізуің мүмкін.
Сен мынаны түсінуің керек – бұрын өзіңді еркелетіп, өз қызығыңа жұмсаған ақшаңды енді жұбайың мен балаларыңа жұмсауың керек, қалғанын ғана өзіңе жұмсайсың.
Сен жүйкеңді тізгіндеп үйренуің керек, отбасың үшін төзуге дайын болуың керек.
Сен анаңа, қарындасыңа және жұбайыңа арақатынас теңдігін сақтауды үйренуің керек, яғни анаңа хақысын беріп, бірақ жұбайыңның құқығын шектемеу.
Сен мынаны түсінуің керек – үйленгеннен кейін еркектік міндетің – жұбайың мен балаларыңды жамандықтан қорғау.
Сен мынаны түсінуің керек – енді сен отбасыңа үлгісің: ораза тұтатын, әдепті, түнгі намаз оқитын мінсіз әке бола аласың, немесе жаман әке болып, өзіңдей жаман ұрпақ тәрбиелейсің.
Сен мынаны түсінуің керек – жұбайыңа лайықты тұрғын үйді дайындау – сенің мойныңдағы міндет.
Сен мынаны түсінуің керек – нәзіктік, еркелету және жұмсақ сөйлесу – отбасылық өмірдің негізгі бөлігі.
Сен мынаны түсінуің керек – абыройың, намысың, беделің – бәрі жұбайыңның қолында.
Сен мынаны түсінуің керек – әйеліңе үй шаруасында көмектесу – сәтті ерлі-зайыптылықтың негізі. Бұған қарсы айтатындарға құлақ аспа.
Сен мынаны түсінуің керек – әйеліңе көңіл бөлу – отбасылық тұрақтылықтың ажырамас заңы.
Сен діннің негізгі және тармақталған үкімдерін ұстануың керек, жастықты тастап, балаларыңа өнеге боларлық адам болуың керек.
Ашулануды үйге кірерде есіктің сыртында қалдыруды үйрен. Ашуыңды ұяңа өзіңмен бірге алып кірме.
Сен мынаны түсінуің керек – еркектік дегеніміз әр жағдайға айқаймен жауап беру емес. Кейде отбасын сақтау үшін үндемей қалу – ерлік.
Әйел сыйлықты жақсы көреді және сөз айтқызбай-ақ сезімін түсінетін еркекті сүйеді. Мұны үйрен – енді тіпті сезімдерің де өзіңдікі емес.
Сенің аш қалуың, ал отбасыңның тоя тамақ ішуі – сенің міндетің.
Сен мынаны түсінуің керек – әйеліңнің ауруы мен қиындықтарында оның жанында болу – бұл адамгершілік борыш, оны аттауға болмайды.
Үйлену – тек төсекте жату емес,
ол – құрбандық пен жанқиярлық,
міндет пен принцип.
Жақсы күйеу болу –
отбасың үшін бәрін көтере білу,
және солар үшін барлығыңды құрбан ете білу