ҰЯТ БОЛАДЫ...

ҰЯТ БОЛАДЫ...

341
2 мин
ҰЯТ БОЛАДЫ...

Ұят - деген сөздің мағынасы өте кең. Ұя бұзылмасын. Осы ұя сөзімен тығыз байланысты ма әлі нақты қарау керек. Әйтеуір, алыс бір семантикалық жақындық байқалатын сияқты. Бұл сөздің этимологиясын кейінге қалдырдық. “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді”.

Қазақ осылай жеткізіп, тура өлтіріп айтқан. Қазан ол-метафора. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”. Қазан - әдет-ғұрып, салт-сана. Қазан скифтен келе жатқан құндылық. Ауылда әр үйде қазандық бар. Қара қазанды жоғалтпайық. Оның іші толған қазына. Қазан туралы әңгіме де, ертегі де бар. Қазанның қақпағын ашсаң, ішінен қазақтың не бір інжу-маржандары ақтарылып, сыры шашылады және ашылады. Қазан-татулық, бірлік, ырыс, береке, достық. Қазан аузы жоғары. “Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан”. Себебі, қазан жүз жылда тарихқа толады. Қазан-шежіре. Әдет-ғұрыпты, салт-сана-дәстүрді ұрпақ сақтамай ашық-шашық жүрсе, ана тілін білмесе, санасыз, мәңгүрт ұрпақ өсіп шықса қақпағы жабылмай, тосқауыл болмай, ұят боладыны тыңдамаса онда ұлтқа үлкен қауіп төнеді.

Ата-бабамыздың, дала заңын сақтау керек, рухани байлыққа ұмтылып, ескі халық әндерін, күй, ертегі, жыр т.б. тыңдап өскен бала жаман болмайды. Кітап -білім бұлағы, білім - өмірдің шырағы. Тіл -қазына. Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін. Қазақ ең алдымен өзін өзі құрметтеу керек. Әйтпесе, иттен ұят кетеді. Итте - метафора. Қазақ ит дүние - дейді.

Ит негізі адамның ең сенімді қолға үйренген досы сияқты. Есіктің алдында жатады. Не берсең де жеуге риза. Ананы әкел, мынаны әкел - деп мазаңды да алмайды. “Иттен ұят кетеді” - өте өткір метафора екені даусыз. Осылай жеткізіп айту керектігін көп жұрт түсінген.

Біреудің есігінің алдында жатқан шеге делік, алуға болмайлы “ұят болады” -деп, анам жиі айтатын. Етегіңді түсір, абройыңды сақта “қызға қырық үйден тыйу” - деген көне сөздер ең қасиетті құндылықтар екен. Олай болса, қазаннан қақпақ кетпесін. Сонда иттен де ұят кетпейді.

 

Айтмухамет ТРУШЕВ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс