Адамзат жаратылысынан бастап қауымдастықпен өмір сүріп келді. Адамның аман қалуы, тіршілік етуі бірлесе әрекет етуге байланысты болды.
(Кей адамдардың әлі күнге рулас-тайпаластарын іздеуі, солардан демеу дәметуі, сол баяғы "У ішсең руыңмен" деген көшпелі заманнан қалған жабайы инстинкт).
Кеңес заманында жалғыз партия, "Жасасын КПСС!" деген басты ұран болды.
Сайлаулар кезінде "Коммунистер мен партияда жоқтардың саяси блогы жасасын" деген плакаттар ілулі тұрды..
Кеңес Одағының ыдырауы мен социалистік лагерьдің күйреуі жоспарлы экономика мен бір партиялық саяси жүйенің өміршең еместігін дәлелдеді.
Коммунистердің түсінігіндегі "социализм" "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деген орта ғасырлардағы көшпелі қоғамдағы демократиядан да тұрпайы болып шықты.
Нарықтық қатынастар азаматтардың барлық өмірі мен санасына өз әсерін тигізбей қоймайды..
Даралыққа деген қажеттілік бірте-бірте "бәрі сияқты болу" деген ішкі қысымға, ал "бәрі сияқты болудан" бас тарту — қауіпті таңдауға айналды.
Бөтен ойлыларды тобырға талатып тезге салуды көздейтін А.Макаренконың "Ұжымдық тәрбие" іліміне сүйенген Кеңестік үлгідегі "социализм көргендер" оқшау ойлыларға шыдай алуы қиын..
Егер сен бір сәтте өзіңнің ішкі даусыңа құлақ түріп, көпшілік жүріп жатқан жолдан бас тартсаң, сен — "ерекше", "басқалардан бөлек" боласың. Ал мұндай адамды тобыр қабылдамайды.
Неліктен?
1. Еркін адамның өзі — үнсіз сын.
Көпшілік адамдар өмірдегі таңдауларының, жұмыстарының, ойларының дұрыс екеніне сенгісі келеді.
Ал біреу осы шеңберден шығып, өз жолымен кетсе — бұл олардың өмір сүру тәсілінің әлсіздігін әшкерелейді.
Сондықтан олар сені емес, өз қорқынышын жек көреді.
2. Тобыр өзгерістен қорқады.
Тобырға тән мінез — қауіпсіздікті қалау. Олар үшін белгісіз бағыт — қорқынышты. Ал жеке тұлға өзгерісті қалайды. Ол үйреншікті шекараны бұзады. Мұндай адам олардың әлемін шайқалтады.
3. Тобыр жауапкершілікті бөліседі, дара адам өз ісінің жауапкершілігін жалғыз — көтереді.
Көпшіліктің ішіне еніп кетсең — жауапкершілік бәріне таратылады.
Ал өзіңмен жеке қалған кезде — шешім де, салдар да саған ғана тиесілі болады. Тобыр мұндай ауыртпалықтан қорқады. Ал мұны көтере алатын адам — олар үшін түсініксіз әрі қауіпті.
Егер сен тобырдан бөлініп кетсең — бұл әлсіздер үшін қорқынышты көрініс. Өйткені сен олардың жасай алмағанын жасадың.
Сенің еркіндігің — олардың #шынжырын еске салады. Сондықтан олар жек көреді.
Бірақ дәл осы сәттен бастап сен — шын мәнінде тірі жанға айналдың.
РS шатжыпыти-ге "н" мен "ң" дыбыстарының айырмашылығын түсіндіру қиын болып жатыр. Ақырында "Лимитің бітті" деп қашты