Алла Тағала «Ләә Иләәһа иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ» таухит сөзін ықыласпен оқыған жанды, бұл қасиетті сөздің құрметіне мына қорқыныштардан және шайтанның уасуасасынан қорғайды:
1. Өлім сәтіндегі қорқыныш. Бұл – Имансыз өліп кету қорқынышы, Алла сақтасын.
Бұл қорқыныштан құтылғандар, соңғы демінде иманымен кетеді.
2. Қабір азабы қорқынышы. Бұл қорқыныштан құтылғандар қабірлерінде нұр ішінде жатады.
3. Мүнкәр мен Нәкір періштелерінің сұрақтарына жауап бере алмау қорқынышы. Бұл қорқыныштан құтылғандар сұрақтарға дұрыс жауап береді.
4. Махшардағы қайта тірілгенде жүзінің қарабет болып тірілуінен қорқу. Бұл қорқыныштан құтылғандар, беттері аппақ (нұрлы әрі жарқыраған) бір түрде қайта тіріледі.
5. Есеп уақытындағы есеп бере алмау қорқынышы. Бұл қорқыныштан құтылғандар, есебін оп-оңай береді.
6. Амал Таразысындағы күнәларының басым болатынан қорқу. Бұл қорқыныштан құтылғандар сауаптары таразыда ауыр келеді.
7. Сыраттағы Тозаққа түсіп кетуінен қорқу. Бұл қорқыныштан құтылғандар Жаннатқа кететін жолға бұрылады.