Имам Шафиғи рахимәхуллаһ Aлла Tағаланың құдіретіне тұт жапырағын дәлел ретінде көрсетіп былай деген: “Тұт жапырағын жібек құрты жеп жібек шығарады; aра жеп бал шығарады; сиыр, қой тәрізді малдар жеп сүт береді; мускус киігі жеп хош иіс шығарады. Ал бәрінің жейтіні бір нәрсе. Міне, бұл Алла Тағаланың құдіретіне үлкен дәлел”.
Тұт жапырағы жібек құрты үшін бірден-бір қорек болғандықтан ол үшін бағасы айырықша. Тіптен осыны меңзей фыкыһ кітаптарында “Егер жол бойына түскен ағаш жапырақтары тұттыкі секілді пайдаға жарамды жапырақ болса, оны иесінің рұқсатынсыз алған адам иесіне құнын төлейді” деп пәтуа айтылған. Өйткені жібек құрты тек тұт жапырағын жеп қана жібек шығарады. Сол себепті ұясын да тұт ағашына салады.
Тұт жапырағы антибактериялық, қызу түсіретін, терлететін қасиеттерге ие. Балғын жапырағын қан тоқтату үшін де пайдаланады.
Мұнымен қатар, тұт жапырағын құрамында протеин мол болатындықтан әрі оңай сіңетіндіктен, мал жемі ретінде де қолданады.
Тұт жапырағын кептіріп үгітіп, зәйтүр майымен араластырып паста жасаса, күйікке өте пайдалы.
Тұт жапырағын жүзім және қара зәйтүн жапырағына қосып жауын суында қайнатып, басқа жақса, шашты қарайтады.
Тұт ағашының қабығы мен жапырағын араластырып суда қайнатып, осы сумен ауыз шайқаса тіс ауырғанда ем.
Тұт ағашының қабығын да суда қайнатып суын ішсе, іш өткенді тоқтатады. Тамырының қабығын қан қысымын түсіру үшін қолданады.
Жапырағын қайнатып суын ішу қант диабетіне пайдалы.
Aғашының бұтақтарынан алынатын мықты талшықтары екпе, құлпынай және көшет байлау істерінде қолданады. Және ағашынан қағаз және қап өндіреді.