قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اَلْعِلْمُ عِلْمَانِ عِلْمٌ عَلَى اللِّسَانِ فَذٰلِكَ حُجَّةُ اللهِ عَلَى خَلْقِهِ وَعِلْمٌ فِي الْقَلْبِ فَذٰلِكَ الْعِلْمُ النَّافِعُ. (مي)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Ілім екеу: бірі (амал етілмей) тек ауызда айтылумен қалғаны, бұл Aлла Tағаланың құлдарына қарсы бір дәлелі; екіншісі (амал етілгендіктен) нұрлы жүректен шыққан ілім, міне, (ең) пайда беретін ілім осы”. (Сүнән Дарими)
Сүфиян Сәури (рах.) былай дейді: «Шүбәсіз Алла Тағала сәресі уақытында есетін самал жаратқан. Бұл самал зікір еткендердің зікірлерін және истиғфар айтқандардың истиғфарын Алла Тағалаға жеткізеді».
«Түннің алғашқы уақытында Арштың астында бір жаршы былай дауыстайды: «Тұрыңдар! Уа, Алланың абид (көп құлшылық жасайтын) құлдары!». Бұл шақыруды естігендер тұрып, Алланың қалағанынша намаз оқиды.
Түннің ортасында тағыда бір жаршы былай шақырады: «Тұрыңдар! Уа, Алладан қорыққан құлдар!» Бұл шақыруды естіген тақуа құлдар тұрып таң атқанша намаз оқиды.
Сәресі уақыты келгенде тағы бір жаршы былай дауыстайды: «Тұрыңдар! Уа, Алланың көп истиғфар айтатын құлдары!» Мұны естігендер тұрып истиғфар айтады.
Таң намазы уақыты кіргенде бір жаршы былай шақырады: «Тұрыңдар! Ей, надандар! Мұны естіген қалған құлдар өлілердің қабірінен тұрып махшарға жиналғаны сияқты таң намазы үшін төсектерінен тұрады». Осындай ұйқы кесірінен түнін құр өткізген надандардан болудан Алла Тағалаға сыйынамыз.