ТҮГЕЛ АДАМНЫҢ БІЛУГЕ ТИІСТІ ҚАҒИДАЛАРЫ

ТҮГЕЛ АДАМНЫҢ БІЛУГЕ ТИІСТІ ҚАҒИДАЛАРЫ

617
4 мин
ТҮГЕЛ АДАМНЫҢ БІЛУГЕ ТИІСТІ ҚАҒИДАЛАРЫ

ҒЫЛЫМНЫҢ МӘНІ:

Сұрақ: Адам баласы білемін деп талап қылса, білмейтұғын нәрсесі болмайды. Жалғыз-ақ жете білуге көнбейтұғын не нәрсе?

Жауап: Адамның жете білуіне көнбейтұғын не нәрсе? Құдайдың заты қандай екендігі, қайда тұратұғындығы.

Сұрақ: Адам баласы не нәрсені үйренемін деп талап қылса, үйренуге көнеді. Жалғыз-қа үйренуге көнбейтұғын не нәрсе?

Жауап: Үйренуге көнбейтұғын нәрсе-зереклік.

Сұрақ: Бір айрылып кеткен соң қайта қосуға көнбейтұғын не нәрсе?

Жауап: Бір айрылған соң қайта қосуға көнбейтұғын нәрсе – бастық жігіттік.

Сұрақ: Адамға алыс болғанда не алыс, адамға жақын болғанда не жақын?

Жауап: Адамға алыстың алысы – өткен өмір, жақынның жақыны – өлім.

Сұрақ: Түзетуге көнбейтұғын не нәрсе?

Жауап: Түзетуге көнбейтұғын нәрсе – бұзылған ой, қиялы болу, сушмаш майхулиә...

Сұрақ Бір екі жолдас бар: тізе қосып тұрғанда дүниенің түбін түсіреді, тауды орнынан көшіреді. Екеуінің бірінен-бірін айырып ешкімнің жолдас қылып алуына көнбейтін не нәрсе?

Жауап. Екі жолдас: жан мен дене.

Сұрақ: Бірін-бірі қарасып, көзін тайдырмастан өмір өткізген не нәрсе?

Жауап: Біріне –бірі көзін айырмай қарасып тұрған – көк пен жер.

Сұрақ: Бірін – біір қуысып, шаршамастан, талмастан өмір өткізген не нәрсе?

Жауап: Бірін –бірі қуысып өмір өткізген – күндіз бен түн

Сұрақ: Екеу-екеу бас қосқанның бәріне де бір айырылмақ. Өміріне қосағын жазбастан айдай ғаламға анық белгіленген айырылмай өтетұғын не нәрсе?

Жауап: Бірінен-бірі айырылмай өмір өткізген ақ боз ат, көк боз ат екі жұлдыз.

Сұрақ: Кісінің қолына түспейтұғын, еккенмен бітпейтұғын, қуғанмен жетпейтұғын не нәрсе?

Жауап: Қолға түсе бермейтұғын нәрсе – сабыр.

Сұрақ: Күйе тимей, сен тимей кісіні көріксіз қылып тастайтұғын не нәрсе?

Жауап: Күйе тимей, сен тимей кісіні былғайтұғын не нәрсе –ашу.

Сұрақ: Үш нәрседе сенім жоқ, тұрған орнында тұрады-ау деп ойлауға жарамайды. Бұл үшеуі не нәрсе?

Жауап: Осы тұрған орнында тұрады-ау деп сенбейтін нәрселеріміздің бірі –жан, бірі –дәулет, бірі – сыр (14 том., 52 б.). Көзге көрген нәрсе тұрған-тұрған орнында тұрады. Үш нәрседе сенім жоқ: «Тұрған орнында тұрады –ау!» - деп, ойлауға жарамайды. Ол не нәрсе десең бірі –дәулет ... Бұл дауам баста тұрмайтұғын нәрсе. Бірі –жан. Бұл дауам денеде тұрмайтұғын нәрсе. Бірі – сері кісі. Сері кісі көңілінде тұрмайды (12 том., 205 б.).

Сұрақ: Шыққан орнына қайта сыймайтұғын үш нәрсе?

Жауап: Бірі – мылтықтан атылған оқ, бірі – жайын балық, бірі – ауыздан шыққан сөз.

Сұрақ: Үш нәрсе тұрған орнында тұрып, тұрған орнына сыйымсыз?

Жауап: Бірі – өлген өлік, бірі – от басындағы күл, бірі – бой жеткен қыз.

Екі нәрсеге ие болуына тырысу керек.: бірі – қолыңдағы барың, бірі – түпкі сырың.

Үш арсыз: Бірі – ұйқы, бірі тамақ, бірі –күлкі.

Үш қадірсіз: Бірі – жігіттік, бірі –денсаулық, бірі-жақсы қатын.

Үш дауасыз: Бірі – мінез, бірі – кәрілік, бірі – өлім

(Мәшһүр-Жүсіп.Шығ. 14 том., -51-52 бет. 12 том. -204-206 бет.).

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс