СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ.

СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ.

1157
2 мин
СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ.

Қазір дін туралы айтушылар, дінді пайдаланушылар және дінді сынаушылар көп.

Діни ахуал мен діни мәселелерді, дін себепті туындаған көріністерді дінді толық білмейтіндер, исламофобтар, тәңіршілер, атеистер, дін дұшпандары емес, ең әуелі біз өзіміз сынға салып, анализ жасауымыз керек.

Яғни, дін мамандары мен ғалымдардың сыни тезінен өтуі тиіс. Әрине, сынның да өз орны мен әдебі бар.

Бірақ, бір өкініштісі сын көтермейтін, діни мәселелерге қатысты сынды мүлдем қабылдамайтын, тек қана уағыз, мақтау тыңдағысы келетін біржақты бауырларымыз да аз емес.

Олар діни ахуалды, кейбір діни түсініктерді және діни мәселелерді сынға алғанда, сынға алған адамды «Ақидасы дұрыс емес», «Дін дұшпаны», «Агностик», тіпті «Тәңірші», «Атеист» секілді айыптаулармен айыптап, ярлык таға қояды, оларды исламофобтардың қатарында көрсеткісі келеді. Сонымен қатар дінді өздеріне меншіктеп, өздерін діннің қорғаушысы санайды. Бұл - жақсы үрдіс емес.

Негізінде Құдайды танудың, діни мәтінді түсінудің, әртүрлі интерпретация жасаудың, діни мәселелерді шешудің және ақылды қолданудың, ақыл мен нақылды сабақтастырудың әдіснамасы мен механизмі Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасында жақсы дамыған.

Имам Әбу Ханифа (қ.ж. 767) мен Имам Матуриди (қ.ж. 944) кезінде талай діни тақырыпты сыни тездерінен өткізіп, дінді-мұсылмандарды діни буквализм, дүмшелік, көзсіз фанатизм, радикализм, экстремизм, фатализм, фобия секілді ішпен сырттан төнетін түрлі қасаңдық пен дінбұзарлықтан қорғаған.

Жоламан БҰЛАН

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс