Дін:
“Бұл стакан — Құдайдың сыйы. Сол үшін шүкір ет және оған құрметпен қара”.
Теократия:
“Бұл стакан Құдайға тиесілі. Ал оны кім, қалай қалай қолдануды дінбасылар ғана шешеді”.
Атеизм:
“Стакан деген ол жәй стакан. Бұдан ешқандай кие іздеудің қажеті жоқ”.
Агностицизм:
“Мен бұл стаканның қайдан шыққанын білмеймін және жақын арада білетініме де күмәнданамын”.
Фундаментализм:
“Белгілі бір жолмен жүргендер ғана бұл стаканды пайдалана алады”.
Догматизм:
“Бұл стаканды тек осылай қолдану керек. Бұл ережені ешкімнің бұзуға құқы жоқ”.
Ритуализм:
“Стаканды қолданар алдын, қолданып жатқанда және қолданып болғасын жасайтын өзіндік жөн-жоралғылары бар”.
Секуляризм:
Стаканның дінге қатысы жоқ. Әркім бұл стаканды қашан, қалай қолданатынын өзі шешеді”.
Культ (жамағат):
“Бұл стакан біздің ұстазымыздың стаканы. Оны қолдануға лайықты адамды ол өзі ғана таңдайды”.
Секта:
“Бұл стакан біздікі. Егер сен оны қолданғың келсе біздің айтқанымыз бойынша жүріп тұруың керек”.
Фанатизм:
“Ең дұрыс стакан осы. Қалғандары жәй әйнек”.
Радикализм:
“Бұл стаканды біз сияқты қолданбайтын кез-келген адам біздің жауымыз әрі олар ең қатаң жазаға лайықты”.