قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ لَا يَسْمَعُ بِي أَحَدٌ مِنْ هٰذِهِ الْأُمَّةِ يَهُودِيٌّ وَلَا نَصْرَانِيٌّ ثُمَّ يَمُوتُ وَلَمْ يُؤْمِنْ بِالَّذِي أُرْسِلْتُ بِهِ إِلَّا كَانَ مِنْ أَصْحَابِ النَّارِ. (م)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Құдіретті Aлланың атымен ант етейін, егер мына үмметтен бір яһуди яки христиан мені естіп, сосын менімен жіберілгенге иман келтірмей өлсе, сөз жоқ, ол жаһаннамдық болады. (Сахих Мүслім)
Мүмін қорқыныш пен үміт арасында болуға тиіс. Яғни ғұламалар мен салихтар секілді амал жаса да, оған алданбай, соңғы демінде имансыз қалудан қорыққаны жөн. Мұнымен қатар, қанша күнәсі болса да, Алланың қайырымынан үмітін үзбеуге тиіс. Құрмет соңында.
Ақида кітаптарында былай жазылған: “Үмітсіздік; Aлла Tағаланың рақымынан үмітті үзу күпіршілік. Aлла Tағаланың азабына сенімді болу да күпір”.
Негізі мәселе маңызды, қауіп зор. Пайғамбарлардан басқасы, Алла Тағаланың “…Сол күні олардың бір тобы жәннатта болса, енді бір тобы жалындаған оттың ішінде болады” (Шура сүресі, 7-аят) деп баяндаған екі топтың қай жағында болатынын біле алмайды.
Омар ибн Хаттаб (р.a.) Aлла Tағаланың азабынан қорыққаннан және сауабынан үміті болғандықтан былай дейтін:
“Қиямет күні маған жәннатқа тек бір-ақ адам кіреді десе, ол адам мен болатын шығармын деп үміттенемін. Және жаһаннамға тек бір-ақ адам түседі десе, oл адам мен боламын ба деп қорқамын”.
Сұлтан ул-арифин Баязид Бәстами (қ.с.) айна алып оған қарап былай деген: “Кәрілік белгілері байқалды, бірақ әлі қате, кемшілік жасаймыз. Расында ғайыпта өзімізге лайық үкімді білмейміз”. Мұнымен мынадай мағынадағы аятты меңзеген: “Бірде-бір жан ертеңгі күні не табатынын нақты білмейді” (Лұқман сүресі, 34-аят). Яғни болашақта басына не келетінін, қолына не түсетінін, жақсылық па, жамандық па біле алмайды.
Және мына хадисті меңзеген: “Амалда соңына қаралады”. Яғни oл амалдың бұзылып-бұзылмағаны, лайық болып-болмағаны, онымен сауап алып-алмайтыны тек соңғы демде белгілі болмақ.
Сол себепті былай дұға жасаған дұрыс: Алла Тағала Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен жақсы көретін құлдарының құрметіне, соңғы демімізге дейін, соңғы деммен қоса, әр дем алған сайын, біздерді иманда, һидаятта, тура жолда, сенімде, бағытта, дінге құрмет пен ризашылығында әрдайым лайықты амалдарын бұйыртсын. Әмин…