СІЗ ОСЫ ӨМІРДІ ҰНАТАСЫЗ БА?

СІЗ ОСЫ ӨМІРДІ ҰНАТАСЫЗ БА?

1723
1 мин
СІЗ ОСЫ ӨМІРДІ ҰНАТАСЫЗ БА?

Сіз осы өмірді ұнатасыз ба? - деген сұраққа бір данышпан:

- Егер өмір жақсы болғанда,

туғанда жыламас едік,

егер дүние таза болғанда,

өлгенде жуылмас едік - деген екен.

 

Достарым, аман - есен жүрсе екен!

Қадірін денсаулықтың білсе екен!

Жазы кетіп, күзі қалған өмірді ,

Қайғы - мұңсыз , ұзағырақ сүрсе екен!

 

Дүниеде ең қиыны жалғыздық,

Ең жаманы - жақыныңнан мәңгіге айырылу.

Ең ащысы ешкімге білдіртпей, іштей тынып жылау,

Ал ең ауыры - осының бәрін жасыру үшін

жалған күліп жүру ...

 

Дегенде дүние шіркін өтер - кетер,

Түбіне сұм дүниенің кімдер жетер?

Қадір тұт, бір-біріңе құрмет көрсет,

Тірлікте сыйластыққа бар ма жетер..?

 

Өмір деген сапар сияқты:

... ұзақ жолда бәрі кездеседі - жүре біл,

... көл де кездеседі - жүзе біл!

... шөл де кездеседі - төзе біл!

... Тау да кездеседі - шыға біл!

... Жау да кездеседі - жыға біл!

   Осыны қалқам ұға біл! -

деген екен...

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс