Диярбакырлық Әли Әмири ефенди (1924 ж. т.) және Османлы дәуірінің соңғы ғалымдарының бірі. Араб және парсы тілдерін жоғары деңгейде меңгерген Әли Әмири Фатихте Ұлттық кітапхананың негізін салып, өмір бойы жинаған баға жетпес кітаптарын сыйға тартады. Өзі де құнды еңбектер жазады. Ишкодра қаласында қаржы инспекторы болып жүргенде даналық сөздері орын алған «Әзһар-ы Хакикат» атты еңбегін жазып шығады. Олардың кейбіреулері төмендегідей:
* Ата-анасының заңды өсиетін орындамаған адам өзінің жаман тағдырына шағымданса, қателеседі.
* Әрдайым өз жұмысын қулықпен, жемқорлықпен істейтіндер соның салдарынан өздеріне зиян тиетінін білмейді.
* Қызғаншақ адамдардың денесі сау болса да жаны ауырады.
* Үздік қасиеттер мен ізгі қасиеттерден айырылған адамдар өздерінің тегін мақтан етеді.
* Парасатты адамдар дұшпандарынан көрі достарына сақтықпен қарайды.
* Құмарға, ойын-сауыққа әуес, нәпсіқұмарлар жаман адамдарға өз аяғымен барады.
* Егер өте зерделі және дарынды адамдар кішіпейілділік жолын тастап, менмендік пен мақтаншақтыққа бой алдырса, олар әр сәтте апатқа жақындайды.
* Адамдардың көпшілігі өз бойында жасырылған кек, арам ниет, дұшпандық, көреалмаушылық сияқты мыңдаған дұшпандарына мән бермейді. Бірақ адамның өзіне дұшпан екенін көргенде, одан үрке қашады. Шындығында, бұл сіз тұрған қамалда жауларды қалдырып, сырттан келгендерге қарсы күресу сияқты.
* Адамның адамдығы мынада, дүниенің ешбір атағы мен абыройы өз ұстанымы мен жолынан тайдырмайды.
* Адамға еңбек пен талпынудан асқан шеберлік, кішіпейілділіктен қымбат көмекші, ізгі ниеттен асқан бауыр жоқ.
* Адамдар ең биік металлдан жасалған баға жетпес асыл тас сияқты. Бұл баға жетпес асылдардың құндылығы ашылуы үшін олар хакики мүршидтің (нағыз рухани жолбасшының) қолында тәрбиелену керек.
* Адамдардың бір-бірінен артықшылығы сыртқы түрі мен киімімен емес, әдептілігі мен білімінде.
* Қарау бір бөлек, көру бір басқа.
* Оқу бір бөлек, түсіну бір басқа.
* Балаларының адамгершілігін, тәрбиесін көтеруге тырыспаған адам бала тәрбиесі жағынан малдан да төмен. Өйткені құстар балаларын ұшуға, ал жабайы аңдар аң аулауға үйретеді. Әрине, адамдардың бұл тұрғыда білім мен тәрбие беруі маңыздырақ.
* Ешбір қайтарым немесе пайда күтпей ақиқатқа қызмет еткендер барлық істерінде табысты болады.
* Артында жақсы із қалдырмай жер астына кеткендер тумай тұрып өлген сияқты.
* Адам неғұрлым кішіпейіл болса, соғұрлым оның дәрежесі көтеріледі, ал тәкаппар болса, төмендейді.
* Батаны сақтау оны алудан қиынырақ.
* Ұлы адамдардың сөздерін әсерлі әрі қабыл ететін нәрсе – олардың істерінің асқақтығы, шынайылығы мен жолдары.
* Алла Тағала ешбір есепсіз таза ықыласпен қызмет етіп, Алланың разылығынан басқа ешнәрсе күтпейтіндердің сауабына кепілдік береді.