ШЕШЕН ЖІГІТ

ШЕШЕН ЖІГІТ

1958
1 мин
ШЕШЕН ЖІГІТ

Ертеде аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермеген шешен, әрі күміс көмей әнші Дөнен деген жігіт болыпты. Бірде жайлауда Қарға би дегеннің тойы болып, Дөнен сонда барады.

Алыстан келген сыйлы қонақтармен отырған Қарға би шешен жігітті өзіне шақыртады. Қарға би жігіттің есімінің Дөнен екенін күні бұрын біліп, сөзін әзірлеп қояды:

- Е, жігітім, өзіңді әнші, шешен деп естідім. Атың кім?

- Атым- Дөнен- дейді жігіт.

Сонда Қарға би мырс етіп күліп:

- Е, құнан емес бесті емес, қыспақта қалған дөненмін

де. Шешен жігіт асықпай, өзін сабырлықпен тежеп, былай деп сұрапты:

- Ғафу етіңіз, биеке, сіздің атыңызды білсек.

Жеңіске жеттім деп масаттанған би бірден:

- Менің атымды білмейтін неткен ақымақсың өзің?-деп ашу шақырады.

-Атым - Қарға би.

Жігіт жүрелей отырған орнынан тұрып, өткір үнмен:

- Біздің елдің қарғасы мал тезегін шоқушы еді. Сіздің елдің қарғасы би болады екен - ау,- деп түрулі тұрған есіктен шығып жүре беріпті.

 

Райхан МАТАЙ

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс