«ШЕКСПИРІ БОЛМАҒАН ЕЛДІҢ ЭНШТЕЙНІ ДЕ БОЛМАЙДЫ»- ДЕГЕН СӨЗ...

«ШЕКСПИРІ БОЛМАҒАН ЕЛДІҢ ЭНШТЕЙНІ ДЕ БОЛМАЙДЫ»- ДЕГЕН СӨЗ...

322
1 мин
«ШЕКСПИРІ БОЛМАҒАН ЕЛДІҢ ЭНШТЕЙНІ ДЕ БОЛМАЙДЫ»- ДЕГЕН СӨЗ...

Белгілі ақын Олжас Сүлейменов “Шекспирі болмаған елдің Энштейні де болмайды” - деп мотив пікір білдіреді. Қарап отырсам, айтқан сөзінің жаны бар екені байқалады. Себебі, әдебиет деңгейі төмен мемлекетте техникалық жетістіктерге қол жеткізу де қиындайды деген тұжырым шығады.

Шекспир оқырманға қиялдауды үйретсе, Энштейін логиканың күшін үйретеді. Екеуі де даму мен өркендеудің негізгі күштері. Осындай қағидалардың арқасында Еуропада “Маған тірек нүктесін беріңдер — мен жерді төңкеріп беремін!” - деген ғалымдар жетілді.

Отансүйгіш зиялы бір маманды жоғалту, рухани күшімізді жоғалту болып саналады. Өйткені, қазіргі күш, иманның күштілігімен қоса ақылдың алғырлығында. Кейде бір зиялы жан жүзге татиды. Еуропалықтар бізді осындай жақтарымен жеңіп барады. Қара күш жеткіліксіз!

P/S Біз өзіміздің Шекспиріміз бен Энштейнімізді шығаруды және оларға жағдай жасауымызды ұлттық саяси басты бағытымыз етуге тиіспіз!

 

Темур АМАНҚҰЛ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс