ШАҒБАН АЙЫ

ШАҒБАН АЙЫ

2755
2 мин
ШАҒБАН АЙЫ

Шағбан айы – Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айы. Сондықтан бұл айда салауат айтуды үзбеу керек. Мүмкіндігінше көп-көп истиғфар айтып, Ықылас сүресін оқу керек. Таһажжуд және тәсбих намаздарын оқып, дұға жасау қажет.

Шағбан – қасиетті, ұлы, есендікке жеткізетін, илаһи ізгілікке қауыштыратын, мүминдерге рахым, кәпірлерге азап және илаһи нұр жауатын ай.

Біліп қой, бұл дүниедегі кедейлік пен қиыншылық Алланың ризасы мен жәннатына қол жеткізген адамға зиян тигізе алмайды. Алланың қаһарына ұшырап, тозаққа тасталған адамға да бұл дүниеде қол жеткізген байлығы еш пайда әкелмейді. Жұмақ тұрғындары жер бетінде көрген қиыншылықтарының ешқайсысын ол жақта көрмейді. Тозақ адамдары жер бетінде көрген нығметтерін ешқашан ол жақта пайдалана алмайды. Олар мұның ешқайсысын басынан өткермегендей болады.

Жәннатты қалап, тозақтан қашқан адамдар үшін бұл дүние дайындық кезеңі. Мұнда құлдың тәубесі қабыл болып, өлімі келмей тұрып күнәлары кешіріледі. Бұл дүние Алланың берген мерзімі, құлдарына о дүниеде істеген істеріне қарай сауабын береді. Онда барлығының жасырын жағдайлары ашылады. Байлықпен сыналсаң үнемшіл бол. Раббыңның ақысын өзіңде және мал-мүлкіңде толық өте (намазды дұрыс оқып, зекет, садақа беріп, Алла жолында қызмет ет)! Құран Кәрімде Сүлеймен (а.с.) пайғамбардың айтқанындай айтып жүр: «Бұл Раббымның мейірімі. Мені сынау үшін, берген нығметіне шүкіршілік етем бе, етпеймін бе, соны білу үшін. Кім шүкіршілік етсе, тек өзіне шүкір етеді. Кім нығметке шүкірлік етпесе, Раббым еш нәрсеге мұқтаж емес. Ол өте жомарт». (Нәміл сүресі, 40-аят)

Ешқашан байлығыңмен, дәрежеңмен мақтанба, менмендікке салынба! Саған келген нығметтер Раббыңның алдындағы дәрежеңе байланысты деп ойлама! Сені басқалардан жоғары қылып, бұл дүниеде берген байлығына алданба! Әйтпесе, шүкірліктен айрылып, қиямет кедейлеріне қосылып, байлықтың арбауына түскендердің бірі сен боласың.

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс