ҮШ АМАЛДЫҢ САУАБЫ ҚИЯМЕТТЕ ТАРАЗЫҒА ӨЛШЕНБЕЙ БЕРІЛЕДІ

ҮШ АМАЛДЫҢ САУАБЫ ҚИЯМЕТТЕ ТАРАЗЫҒА ӨЛШЕНБЕЙ БЕРІЛЕДІ

1120
1 мин
ҮШ АМАЛДЫҢ САУАБЫ ҚИЯМЕТТЕ ТАРАЗЫҒА ӨЛШЕНБЕЙ БЕРІЛЕДІ

1.Адамдарды кешіре білу.

"Ал, кім кешірсе жəне түзетсе, оның сыйы - Аллада... ", ("Шура"сүресі, 40-шы аят)' . Амалдың ұлылығы себепті сауабын нақтыламаған. Кінəлауға асықпаңдар, кешіріммен қараңдар, түсінуге тырысыңдар, жақсы ойлаңдар.

2. Алла үшін сабыр ету.

"Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары - есепсіз", ("Зүмəр" сүресі, 10-аят). Сауабы тағы да өлшеулі емес. Құлшылықта төзімділік көрсету, тыйымдарда шыдамдылық таныту, тағдырдағы жақсылық пен жамандыққа ұстамдылық жүгіну.

3. Ораза.

Пайғамбар (صلى الله عليه وسلم) Алла Тағаланың былай деп айтқанын жеткізеді:"Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Тек, оразадан басқа. Ол - Мен үшін. Оның сыйын Өзім беремін", (Бұхари). Мұнда сауаптың көлемі жайлы тіптен əңгіме жоқ. Қиямет күні бір жаршы: Сауабын Алланың Өзі беретін адамдар қайда? - дейді. Сонда, сабыр еткен, ораза ұстаған, өзгелерді кешіре білген пенделер келеді.

Ораза ұстаңдар, сабырлық көрсетіңдер, кешірімді болыңдар!

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс