СЕНЕН МЕН ЖАЙЛЫ СҰРАСА...

СЕНЕН МЕН ЖАЙЛЫ СҰРАСА...

422
3 мин
СЕНЕН МЕН ЖАЙЛЫ СҰРАСА...

Құл жаратушыға жалбарынған сәтінде адамзаттың абзалы Арда елшіні дәнекер қылып дұға етуі әһлу сунна уәл-жәмағаның бір ауыздан құптаған мәселесі. Бір ауыздан құптаған мәселе ол “ижмағ” болып аталады. Үммет айқара ашық дара да сара жолмен алаңсыз алға жылжиды.

Ал бұған қарсы алғаш болып шыққан ибн Тәймия, “Көзі тірісінде тәуәссул жасауға болады, ал дүниеден өткеннен кейін жасалмайды” - деген. Осы пәтуаны дамытқан кейбір топтар Пайғамбар дүниеден озғаннан кейін тәуәссул жасау үзілді-кесілді болмайды, тоқ етері харам деп айды аспаннан бірақ шығарған. Ибн Тәймиядан алты жүз жыл бұл тақырып талассыз келген болатын. Осының өзі көп нәрсені меңзейді.

“(Уа Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен жайлы сұраса, Мен оларға өте жақынмын, Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын. Ендеше, олар да Менің үндеуіме оңды жауап берсін һәм Маған тиісінше иман келтіріп, соның арқасында (ақыл-ой әрі рухани тұғыдан) кемелдену жолына түссін.” (Бақара сүресі - 186 аят) - деген аятқа және

“... Егер олар күнәға бату арқылы өз-өздеріне қиянат жасаған кезде, алдыңа келіп, Аллаһтан кешірім тілесе, сондай-ақ Аллаһ елшісі де олар үшін кешірім тілесе, олар Аллаһтың Тәууәәб әрі Рахийм екенін сөзсіз көрер еді” (Ниса сүресі - 64 аят) үңілсек, ой өрбітсек қарсы пікір білдірушілердің уәжі жүзеге аспай, айдалада қалады.

Ол елшіні әлемдердің Раббысы Алла “Біз Сені әлемдерге рахмет етіп қана жібердік” (Әнбия сүресі 107 аят)- деп жар салған дара тұлға.

Жоғарыда аталған екі аят және соңғы аятқа зер салған әрбір жан, бұл мәселе жайында дау-дамайдың қажетсіз екенін түсінері сөзсіз.

Уа, Раббым бізді Әз елшіңнің шапағатынан екі өмірде құр қалдыра көрме!

                                                               

  Баянаулы ауданы “Мұса-Мырза” мешітінің ұстазы            

                                 Берікбай Германұлы

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс