САУЛЫҚ НЕ?

САУЛЫҚ НЕ?

2204
2 мин
САУЛЫҚ НЕ?

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Раббыңнан дүние мен ақыретте кешірім мен саулық тіле. Ал саған дүние мен ақыретте кешірім мен саулық берілген кезде табысқа жетіп (Aлланың ризашылығына) ие боласың”. (Сүнән ибн Mажа)

Ғұламалар саулықты былай түсіндірген: 

Саулық – діннің бидғаттан,  амалдың апаттан, нәпсінің құмарлықтан, жүректің өлім қорқынышынан аман болғаны.

Саулық – дін жолынан айнымау, салих кісілермен бір болу және өткен өмірмен қатар, ғибадат пен бойұсынудың артқаны. 

Саулық – жүректің әр сәтте Aлла Тағаламен бір болғаны. 

Саулық – нәпсінің кесірсіз, ризықтың ауыртпалықсыз, амалдың риясыз болғаны. 

Саулық – пенденің істерін Aлла Tағаладан басқасына тапсырмауы. 

Саулық – діннің күшті, тәннің кеселсіз, жүректің алаңсыз (рухани кеселден аман) болғаны.

Саулық – Aллаға тәуекел ету.

Өмірін кәлима шаһадатпен аяқтау, қиямет күні Алланың достарымен қатар тұру. Сырат көпірінен өтіп, жәннатқа жету.

Саулық он болады; бесеуі дүниеде, ал бесеуі ақыретте. Дүниедегілер: Пайдалы ілім, салих амал, амалдарда ықылас, нығметтерге шүкір және Алла Тағаланың тағдырына риза болу. Ақыреттегілер: (Бет-жүздер қарайған кезде) жүздің ақтығы, таразыда сауаптың ауыр басуы, есеп берудің жеңілдігі, Сырат көпірінен өту, жаһаннамнан құтылып, жәннатқа кіру.

Пайғамбарымыздан (с.а.у.) ең ізгі дұғаның қандай екенін сұрайды: 

“Құдіретті Aллаға (одан) саулық сұрап дұға жасаңдар. Өйткені ешкімге шынайы иманнан мен саулықтан қайырлы нығмет берілмеген” дейді. 

Aдам болудың жолы

Бірде Қожанасырдан “Адам болудың жолы қандай?” деп сұрайды. Ол былай жауап береді:

“Құлаққа ие болу! Білетіндер сөйлегенде жан-тәнімен тыңдау және өз аузынан шыққан сөздерді қағыс жібермеу”.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс