САНАНЫҢ САПАЛЫЛЫҒЫНЫҢ 3 ДӘРЕЖЕСІ

САНАНЫҢ САПАЛЫЛЫҒЫНЫҢ 3 ДӘРЕЖЕСІ

1095
1 мин
САНАНЫҢ САПАЛЫЛЫҒЫНЫҢ 3 ДӘРЕЖЕСІ

1-ші дәреже. Ең төмеңгі дәреже, санасыздық.

Күлетінге де күлмейтінге де күлу, болмайтынды айтып басқаларды күлдіруге тырысу, терең ойланбау, әркімге еліктеу, аузына не келсе соны айту, өзіне не керегін білмеу, ел қайда ықса сол жаққа еріп кету, мақтаншақтық, жұрт мені солай ойласын деп жасау, шүкір, тоба айтып өз өмірі үшін күресуге жалқаулану. Жалпы сананың бұқаралық сипаты.

2-ші епке, есепке жүйрік сана, қарақан басын жоғары ұстайтындардың сана дәрежесі. Эгоизм, арамдық пен қулық атаулыны шалт жібермеу, өзін жұрттан ақылды санау, кемшілігін айтқанды жек көру, өзінен озған адамды құлатуға, кемсіту мен жермен-жексен етуге құштарлық, адамдардың бағыныштылығынан рахат сезімге бөленушілік, өтірікті оңай айту, өз кемшілігін мойындамау, үнемі санасымен соғыс жоспарларын түзушілік, ішмерездік, жағымпаздық. Бұл сананың менталитеті диктаторлық жүйеге тән.

3-ші дәреже. Даналық дәрежесі. Әрбір Жаратылыста,қоғсмда, айналада болып жатқан оқиғаларды зерттеп-зерделеп, содан қорытынды шығаруға ұмтылу, эмоцияға берілмеу, білім іздену, еңбекқорлық, жүрек тазалығы, әрбір адамның

айтқанын өз өмір сүзгісінен өткізбей, шешім қабылдамау, жауапкершілікті жоғары қою, білгенімен бөлісуге ынтықтық. Ерекше еңбексүйгіш, қайсар, ақылды адамдардың дәрежесі.

Ақшуақ ДУРМАНОВА

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс