Хазіреті Абдулқадір Жиланидің (р.а.) сөздерінен: «Егер Аллаға апарар жолды қаласаң, мұны мұқият оқы»
+ Егер нәпсіңе Алланың махаббаты үшін қарсы тұрсаң, Алла саған жауап ретінде оны түзетеді, жүрегіңе тыныштық ұялатады. Сонда нәпсің саған бағынышты болып, саған қызмет етеді.
+ Нәпсің – сенің дұшпаның, қасіретің, пердең, алыстауың, шынжырың, қуылуың және сорлығың. Одан құтылудың жолын ізде — сонда барлық жамандық пен бидғаттан арылдың.
+ Сен – лайсың, Ол – саф тазалық; сен – қаттылықсың, Ол – мейірім. Адамдармен бірге болсаң — нәпсімен біргесің; нәпсімен бірге болсаң — Раббың мен сенің араңда перделер, жабулар және қашықтықтар бар.
+ Күн сайын нәпсіңе қиямет орнат.
+ Бұл нәпсі онымен күресіп, машақат шегіп, Алланың тағдырына разы болып, берілгеніне қанағат етпейінше пайда бермейді. Ал ол тынышталған кезде ғана шынайы өмірге ие болады.
+ Бұл дүние: оны қанша қусаң, сонша сенен алыстайды, теріс бұрылып кетеді — оның табиғаты осындай. Ал егер сен одан бет бұрып, басқаны (ақыретті) қаласаң, ол саған қызғанышпен өзі ұмтылады, артыңнан ереді.
+ Егер Алланың разылығын қаласаң, нәпсіңді разы қылма, оны құмарлықтарынан, ләззаттарынан және артық нәрселерінен тый. Алла Тағала айтты:
«Расында, нәпсі жамандыққа бұйырады, тек Раббым рақым еткендерден басқа. Күдіксіз, Раббым – өте Кешірімді, аса Мейірімді».
+ Сөйлер алдында нәпсіңді есепке ал…