قَالَ اللهُ تَعَالَى: وَعِنْدَهُ مَفَاتِحُ الْغَيْبِ لَا يَعْلَمُهَٓا اِلَّا هُوَ وَيَعْلَمُ مَا فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَمَا تَسْقُطُ مِنْ وَرَقَةٍ اِلَّا يَعْلَمُهَا وَلَا حَبَّةٍ فِي ظُلُمَاتِ الْاَرْضِ وَلَا رَطْبٍ وَلَا يَابِسٍ اِلَّا فِي كِتَابٍ مُبِينٍ. (سورة الأنعام، 59)
Aлла Tағала бұйырған (мағынасы): “(Бейне бір тылсым қазына болған) ғайыптың кілттері Оның жанында, оларды Одан өзге ешкім білмейді. Ол құрлықта һәм теңізде не бар, не жоқ бәрін біледі. Оған, тіпті, бұтағынан үзіліп түскен бір тал жапырақтың да жайы мәлім. Жердің тас қараңғы қойнауындағы бір тал дәнек болсын, тіпті, дымқыл немесе құрғақ болғанның бәрі де, ап-айқын Кітапта (Алланың шексіз іліміне сүйенген тағдыр Кітабында) жазылған”. (Әнғам сүресі, 59-аят)
Көріпкел - болашақта не болатын айтатынын, түрлі сыр-құпиясы барын, ғайып әлемнің сырын білетінін алға тартушы адам. Ислам дінінде болашақты болжау харамға жатқызылған.
Ғайыпты білу тек Алла Тағаланың қолынан келер ұлы іс.
Көріпкелдің ғайыптан хабар берген нәрсесін мақұлдау күпіршілік. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) “Кімде-кім көріпкелге барып, айтқанын мақұлдаса, сөз жоқ, оның менің сөзімді жоққа шығарғаны” деген.
Басқа бір хадисте “Бал ашқан және аштырған, көріпкелге барып, өзі үшін болжам жасатқан, сиқыр жасаған және жасатқан бізден емес” дейді.
Пенде үшін ғайыпты білу мүмкін емес. Ғайыпты тек Aлла Tағала мен Oның мұғжиза не керемет жолымен шабыт берген кісілері біледі.
Пайғамбарлардың және Aлла Tағаланың өкілдерінің ғайыптан бергені хабары болса, Алла Тағаланың уахи, илһам немесе ашу арқылы оларға үйретуі. Ал бұл ғайыптың Aлла Tағалаға тән екендігіне қайшы емес.
Пәтуа кітаптарында “көк жүзіндегі белгілерге қарамай, тек ғайып ілімін меңгергенмін деп ‘жаңбыр жауады’ деген адамның сөзі күпір” деп жазылған.