СҰЛТАН МЕН ҰСТАЗДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ

СҰЛТАН МЕН ҰСТАЗДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ

390
4 мин
СҰЛТАН МЕН ҰСТАЗДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ

Сұлтан Мехмет бала күнінде әкесі Сұлтан Мұраттың айбыны, беделінің арқасында өзін медіреседе сондай   бұзақы, сөз тыңдамас ерке, қияңқы ұстаушы еді. «Қалай болса да патшаның ұлымын»-деген паңдығы, өрескелдігі жұрттан ерекше еді. Ұстаздарының ескертуін келекеге айналдыруы жанындағы балаларды күлдіретін. Ал ол болса бұған одан ары шаттанып, бұзақы әрекеттерін тіптен қыздыра түсетін.

Үлкен ұстазы Ақшамседдин хазірет болашақ Сұлтан, кішкентай Мехметтің бұл әрекетіне қатты алаңдаулы еді. Мехметтің бұл қылығы оның білім алуына кедергі болатын. Қаншама ақылмен айтқан ескертулері еш нәрсеге жарамаған тұғын. Ол көптен ойланып, бұл мәселені Мехметтің әкесі Сұлтан Мұратқа ашықтап, мәселені қолға алмаса болмайтынына көзі жетеді. Солайша Сұлтанмен кездесіп, мәселені ашады.

Сол кезде өз заманында әлемге әйгілі бола білген Османлы патшасы Сұлтан Мұрат Ақшамседдин хазіретке бұл мәселеге қатысты өз ұсынысын айтады. Ақшамседдинге бұл ұсыныс әрине өте ауыр болғандықтан әрине өз қобалжуын білдіріп, бұны жасай алмайтынын айтады. Бірақ патша айтқанынан қайтпай, бұл менің Сұлтан ретінде бұйрығым, ал сізге Ұстаз ретінде өтінішім, қабыл алыңыз- дейді.

Солайша құрылған жоспар бойынша ертесінде дәріс үстінде Сұлтан сыныпқа кіріп келеді. Оны көрген шәкірттер орындарынан атып тұрысады.

Бірақ Ақшамседдин хазірет Сұлтанға көңіл аудармастан шәкірттеріне орындарынан тұрмауын, сабақтарын жалғастыруын сұрайды. Сұлтанға суық жүзбен бұрылып:

-Тақсыр, сіз не; сынып ережесін білмеуші меңіз?! Шәкірттердің сабағын үзгеніңіз қалай, оның үстіне кіруге рұқсат та сұрамадыңыз, бар шығыңыз деп зекіреді- қатты дауыспен.

Бұған күмілжіген патша ақталмақ болып, бір нәрсе айтпақ болғанда, Ақшамседдин:

Кәні, тез шығыңыз -деп патшаның иығына шапалақпен қойып қалады. Бұны көрген шәкірттер демдерін іштеріне тартып, тым тырыс, таң тамаша бола қалады. Әсіресе көрініске куә болған кішкентай    бұзақы Мехмедтің таңданысында шек болмайды.

Үндемей артына бұрылған Сұлтан Мұрат Ақшамседдин ұстазға:

Ғапу өтінем, ғапу өтінем, менікі қате болды- деп шығып кетеді. Сәлден соң есікті тақылдатып:

-Ұстаз кіруге рұқсат пекен- деп дауыстайды сырттан.

Сол кезде Ақшамседдин:

-Ал, енді кіріңіз!- дейді. Басына су құйылған кейіп танытып, ішке кірген Сұлтан Мұрат ұстаздан тағы бір мәрте кешірім сұрап, келген шаруасын баяндайды.

Бұны көрген Мехметтің кішкентай менмендігі, асау бұзақы мінезі, астамсынған балалық өркөкіректегі бәрі-бәрі зым-зия болған еді. Ол бір, құтты тәртіпті баладай момақан күйге түседі осы уақиғадан соң.

Сол мезеттен бастап оның асауда кірпияз көңілі жуасып, білімге ден қоя кіріседі. Солайша Болашақ Сұлтан Фатихтің көңілі нағыз ықлас білімге желкен ашып, тез арада қабілетті де үлгілі оқушыға айналады.

Бес тілді еркін меңгеріп, заманының білгірлерімен дізесі тең дәрежеге көтерілді.

Міне, үлкен Сұлтан, асыл әке, парасатты патша -Мұрат сұлтан өз даналығы мен көрегендігінің арқасында ұлын нағыз үлкен тұлғаға айналдыра ала білді.

Бойына даналық пен ілім дарыған Мехмед Сұлтан 12 жасында Сұлтан болып, 1453 жылы 21 жасында 10- ғасырлық Византия империясының астанасы   Константинольдің берік қамалдарын сындырып, Фатх етті. Оны Стамбул (ислам бол) шаһарына айналдырды.

Тілеуқабыл Закарияның фб парақшасынан

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс