ӘРБІР АЛҒАН КІШКЕНТАЙ ЛӘЗЗАТЫҢ...

ӘРБІР АЛҒАН КІШКЕНТАЙ ЛӘЗЗАТЫҢ...

311
2 мин
ӘРБІР АЛҒАН КІШКЕНТАЙ ЛӘЗЗАТЫҢ...

Әдетте бізді әрбір ішкен-жеген тамақтарымыз үшін, әрбір ұрттаған суымыз бен әрбір алған деміміз үшін жауап береді деп жатады ғой.

Біз шынында да соның бәріне төлеп отырамыз, бірақ соны біле бермейміз.

Бұл деген сөз, барлық нәрсенің артында мінсіз әділді жұмыс істеп тұратынын көрсетеді.

Кішкентай ләззаттың ақысын төлемейінше оны сезіну мүмкін емес, оны түсінетіндер аз болса да, әрбір азаптың өтеуі бар.

Сондықтан біз көріп жүрген өтірік пен әділетсіздіктің апртында күндіз-түні кемел даналық жұмыс істеп тұрады.

Шығыста мынандай бір әңгіме бар.

Бір күні падишаның көп күңінің бірі оның төсегін жинап жатып, патша төсегіне жатып дем алу қалай болады екен деп білу үшін онда жатып көреді. Ыстық күн, ұйқы бөлмесі терезесінен кіріп тұрған теңіздің баяу самалы, ауладағы гүлдердің хош иісінің оны еліткені сонша, жастыққа басы тиісімен еріксіз ұйқыға беріліп кетті. Тіпті ол ажал құшағына берілгендей боп қатты ұйықтап кетті.

Тура осы кезде бөлмеге патша мен патшайым кіріп келіп, күңнің мына әділетсіздігін көріп, батылдығы мен ұятсыздығына қатты таң қалды. Падиша оны қамшысының бір ұшымен оятып жіберді де, патшайым күдіктеніп қалмасын деп бірнеше рет қамшысымен осып-осып жіберді.

Күң шошып оянып, қатты айғайлап жіберді, сосын неге екені белгісіз өзінен өзі күліп жіберді.

Патша мен патшайым қызығушылық танытып, оның аяқ асты орынсыз күліп жіберуіне не себеп болғанын сұрады.

Сонда күң былай деп жауап берді:

“Мынандай құс төсекте жалаңаш аунап, азғантай уақыт ұйықтап тұру бақыты маған қаншама қуаныш сыйлады десеңізші, және осы ләззат алудың жазасы ретінде осы бір қашымен сабалдым деді.

Бір қызығы патшеке, сіз осы төсекте өмір бойы жатудасыз, - осы үшін Ұлық Құдай сізге, патшалардың патшасына - не жаза тағады екен?-десеңізші.

Өмірдің табиғаты сондай, әрбір кішкентай алған ләззатың теңдесі жоқ үлкен азапқа тұрарлық. Сондықтан сопылар айтады: сүйіп тұрушы ақша секілді барлық азапты жинаушы және оның өмірінің жерден көкке дейінгі жолы жеңілдейді.

Онда ол бай болады, ал басқалар онда кедей боп қалады.

Хазіраті Инаят Хан.

аудапған Жүрсін Кәрім

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс