ӘР НӘРСЕНІҢ БАСЫ – ІЛІМ

ӘР НӘРСЕНІҢ БАСЫ – ІЛІМ

1224
2 мин
ӘР НӘРСЕНІҢ БАСЫ – ІЛІМ

   قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ أَنْظَرَ مُعْسِرًا أَوْ وَضَعَ لَهُ أَظَلَّهُ اللهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ تَحْتَ ظِلِّ عَرْشِهِ يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ. (ت)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім кедей қарызданушыға мүмкіншілік берсе немесе қарызының бір бөлігін (немесе бәрін) кешірсе, Aлла Tағала oны еш көлеңке қалмайтын қиямет күнінде Арштың саясына паналатады”. (Сүнән Tирмизи)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ғалым бол немесе шәкірт бол не тыңдаушы бол, тым болмаса бұларды жақсы көруші бол. Бесіншісі болма, әйтпесе құрдымға кетесің».

Сүфиян Сәури (рах.) былай дейді: «Ілім үйренудің алғашқы шарты үнсіздік, екіншісі тыңдау, үшіншісі жаттау, төртіншісі амал ету, бесінші шарты ол ілімді жаю, басқаларға үйрету».

Айтылғанына қарағанда қияметте қатты өкінетіндер мына үш топ адамдар:

Ізгі амал жасаған құлы болып, құлы жұмаққа өзі тозаққа кірген кісі.

Дүниеде мал жинаса да Алла Тағаланың ақысына көңіл бөлмеген, зекет, садақасын бермеген, осы күйде өлген адам. Ал мұрагерлері үлесіне түскен ақшаны өздері үшін Алла жолында жұмсап, (тозақтан) құтылады. Мал жинаған болса тозаққа кетеді. 

Ілімімен амал етпеген ғалым. Адамдарға насихат етеді. Насихатын тыңдаған адамдар оның ілімінің себебімен (амал етіп) құтылады. Өзі амал етпегендіктен тозаққа кетеді. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс