НҰРТУҒАН ЖЫРАУДАН БІР ТЕРМЕ

НҰРТУҒАН ЖЫРАУДАН БІР ТЕРМЕ

130
1 мин
НҰРТУҒАН ЖЫРАУДАН БІР ТЕРМЕ

Адамдық қасиет болмаса»

"Адамдық қасиет болмаса,

Түзелмейді біреу сөккенмен.

Азаматтыққа жатпайды,

Өз туысын жек көрген.

Жалғыздық жанға жараспас,

Үй жақсы қонақ көп келген.

Үлкенді сыйлап қадірле,

Көп біледі көп көрген.

Солардың болсын айтқаны

Көбісі бастан өткерген."

Бай малын баққан бабамыз

Бір жапырақ күлше үшін,

Қалтырап жүріп шекпенмен.

Қадірле маңдай теріңді,

Далаға шашып төккеннен.

Жақсының аты өшпейді,

Дүниядан келте көшкенмен.

Жаманның бары белгісіз.

Сортапқа егін шықпайды,

Мәпелеп қанша сепкенмен.

Адал досқа бол риза,

Бар ықыласын білдіріп,

Сыйласады өпкенмен-ей.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс