Тоғыз жасында Төле би сексенге келген Жетес биді іздеп келеді.
Кетерінде "Өмір белесін" сұраған Төлеге Жетес би:
-ОНҒА КЕЛДІМ-ойнадым,
қызығына тоймадым.
ЖИЫРМАҒА ЖЕТТІМ- бойладым,
онда да балалықты қоймадым.
Есейе келе жақсы сөзге сүйіндім,
жаман сөзге күйіндім,
барымды бойға кидім,
сұлу қыз- келіншекке шүйілдім,
жауыма түйілдім.
ОТЫЗҒА КЕЛДІМ- алтайы қызыл түлкі болдым,
қыран бүркітке алдырмадым,
құмайы тазға шалдырмадым,
құрбының көңілін қалдырмадым.
ҚЫРЫҚҚА КЕЛДІМ- арғымақтай аңқылдадым,
тау тағысындай саңқылдадым,
ақ алмастай жарқылдадым,
барымды жоқ деп сарқылмадым.
ЕЛУГЕ КЕЛДІМ- биік қырға шықтым,
арғы жағының алыс- жақынын байқамадым,
өнегемді шайқамадым.
АЛПЫСҚА КЕЛДІМ- алты тарау жолға түстім,
қайсысының алыс- жақының байқамадым.
ЖЕТПІСКЕ КЕЛДІМ- жеңілгенімді білдім,
бала мен келінге билігімді бердім,
айтқанына көндім,
айдауында жүрдім
СЕКСЕНГЕ КЕЛДІМ- оң жағым- от,
сол жағым- су,
алдым-жар,артым-құз,
қалай қозғалсам да тірлік деп біле алмадым,- депті.