Павлодар облысындағы Ақсу қаласына таяу №6 аулындағы шағын мұсылман зиратындағы құлпытастар орнатылған бірнеше ескі молалардың бірі – Павлодар-Ертіс өңірінен шыққан алғашқы қажылардың бірі Мерғалымдікі. Құлпытасында: «Хижра 1332. 22 Ражаб. Бәйімбет руынан, Құттымбайұлы (әлхажәлхарамйн) Мерғалым Жанболатұлы, 81-інде пәниден бақиға сапар шеккті» – деп жазылған. Осыған қарап, Мерғалым қажының 1833 туып, 1914 жылы өмірден озғанын білуге болады.
Мерғалым қажының ата –тегі: Арғын – Бәсентиін – Көкшекөз – Бәйімбет – Бесен – Матай – Құттымбай – Жансейіт – Жанболат – Мерғалым.
Ал осы мәтінде тұрған суретті қажының шөбересіЕркебұлан Ибрагимовтың жеке мұрағатында Мерғалым қажының 1910 жылы белгісіз павлодарлық фотограф түсірген суретісақтаулы тұрғанынан көпке жариялаған тарихшы-өлкетанушы Дәурен Аяшинов. 1887 жылы Мерғалым Мекке мен Мәдинаға баруға рұхсат сұрап және Павлодар уезі, Алтыбай болысының №4 ауылының тұрғыны деген куәлік алуға өтініш береді.
Ол уақыттарда қажылық сапарға барудағы қиындықтың бірі – жолдың қымбатшылығы болатын. Екінші қиындық – Ресей империясы әкімшілігінің шетелдік төлқұжат рәсімдеудегі бюрократиялық кедергісі еді.
Келесі жылы (1888) Павлодар уезі, Алтыбай болысының адамдары Қатпа Қуандықов, Тасқымбай Сейтенов, Батырбай Сейтеновтермен бірге Мерғалым қасиетті Меккеге аттанады. Семей облысынан Мекке – Мәдинаға дейінгі бұл сапар жылдан аса уақытты алатынын байқаймыз. Мысалы, Кұрбанғали Халид Семейден 1897 жылдың 15-інші ақпанында шығып, Мәдинаға тек 1898 жылдың қаңтарында жетеді. Ол – Ресей, Польша, Австрия, Венгрия, Болгария, Түркия, Пәкістан, Иерусалим, Египет арқылы Сауд Арабиясына жеткен.
Мерғалым қажының ұрпақтарының айтуынша, ол екі мәрте қажылық жасаған.
1928 жылғы байлардың мал-мүлкін тәркілеу жөніндегі мәліметтерге сүйенсек, (Мерғалымның балалары Ысқақ пен Ыбырайым және бұлардың әкесі Мерғалым өте ауқатты адам болған: шаруашылығында 1000 бас мал ұстаған; уезд аймағында Ертіс бойында дүкендері және Қоянды жермеңкесінде өзінің сауда орны болыпты.
Кеңес билігінің жазалаушы ұйымдарының нақақ шешімінің зардабынанбұл әулеттің бұдан арғы тағдыры тек трагедияға толы...
Павлодар облысының Ақсу ауданы аумағындағы Мерғалым қажы зираты сакралды орындар тізіміне кірген.