Күн батып, қараңғы түсті. Бір кісі қолына кішкентай балауыз шамды қолына алып, тұтатып, ирелеңдеген сатымен жоғары қарай өрлей бастады.
-Біз қайда барамыз?-деп сұрады балауыз шам.
-Біз мұнара төбесіне шығып, кемелерге бағыт-бағдар көрсетеміз.
-Бірақ теңізде жүзіп бара жатқан бір де бір кеме менің кішкентай жарығымды көрмейді ғой,-деді балауыз шам шағымдана.
-Сенің жарығың кішкентай боп көрінсе де,-деді адам, -шамаңның жеткен жеріне дейін жана бер, қалғанын маған қалдыр.
Осылай сұқбаттаса келе олар мұнараның ең төбесіне шығып, үлкен шам жанына келді. Әлгі адам кішкентай балауыз арқылы үлкен шамды тұтатты, сол сәтте үлкен шам артында тұрған үлкен жалтыраған айналар кішкентай балауыз шамның жаққан отын шағылыстырып, оның жарығы айналасына, бір шақырым жерге және теңіз тереңіне қарай таратты, сол арқылы кемелер мен жолаушыларға жол көрсетті.
Кішкентай шамның немесе сіріңкенің алып от жағып жүздеген адамдарға жол көрсеткені секілді, осының бәрін жақсы түсіне алмасаң да, жан жылуыңның кішкентай жалыны мен жақсы үлгің өмірің мен көзғарасыңды және адамдардың тағдырын жақсы жаққа қарай өзгерте алады.
аударған Жүрсін Кәрім