МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН...

МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН...

1
2 мин
МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН...

Ұстаз шәкіртіне мақсатқа жету үшін қажетті емес нәрсенің бәрін тастай білуді үйрену керектігін жиі қайталайтын.

Шәкірт бұл сөзді жақсы жаттап алғанымен, нендей нәрсенің қажет, нендей нәрсенің қажет еместігін ажырата алмай-ақ қойды.

Ал ұстаз оған мұны ешқашан түсіндірмейтін, барлық нәрсені өмірдің өзі үйретеді деп қана қоятын.

Бір күні ұстаз бен шәкірт тауда серуендеп жүргенде кенеттен ту сырттарынан жолбарыс атылды.

Ұстаз сабырмен соқпақтан шетке шыға берді, ал жолбарыс шәкіртті қуа жөнелді.

Шәкірт қылышы мен қасиетті тұмарларын лақтырып, бұталарды жарып өту үшін шапанын да тастап, ақыры биік ағашқа шығып үлгерді.

Біраз уақыттан кейін жолбарыс кетіп қалды. Бірақ шәкірт төмен түсуге қорқып тұрды. Сол кезде алыстан ұстаздың келе жатқанын көрді. Ұстаз оған көз тастап, күліп жіберді де:

- Міне, сен мақсатқа жету үшін қажетсіздің бәрін тастай білуді үйрендің. Бұл сенің өміріңді сақтап қалды, - деді.

- Ұстаз, - деді шәкірт, - бірақ сіз қылышыңызды да, киіміңізді де жоғалтпадыңыз, тіпті қашқан да жоқсыз. Ал жолбарыс сізге тиіспеді. Бұл қалай болды?

- Мен өз қорқынышымды тастағам. Сондықтан жолбарыс мені мүлде байқамады. Өйткені менің мақсатым – көзге түспеу еді, - деп жауап берді ұстаз.

- Саған да ең алдымен дұрыс мақсат қоя білуді үйрену керек.

Ал одан кейін оған жету үшін бірдеңені тастау қажет бола ма, жоқ па - оны сол мақсаттың өзі көрсетеді.

 

Желіден

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс