МӘШҺҮР ЖҮСІП: СӨЗ ТҮЗЕЛДІ, ТЫҢДАУШЫМ СЕН ДЕ ТҮЗЕЛ

МӘШҺҮР ЖҮСІП: СӨЗ ТҮЗЕЛДІ, ТЫҢДАУШЫМ СЕН ДЕ ТҮЗЕЛ

1697
2 мин
МӘШҺҮР ЖҮСІП: СӨЗ ТҮЗЕЛДІ, ТЫҢДАУШЫМ СЕН ДЕ ТҮЗЕЛ

Бір үй тола саңырауды жиып алып, домбыра, қобыз, керней, сырнайды қанша тартқанмен, жалғызының құлағына кіре ме ?! Бір үй тола соқырды жиып алып, ортасына мың жерден жарық саулатқанмен соқырға шам сәуле бола ма ?!

Дүние мен ахирет күндес қатын сықылды. Дүниеге махаббаты кеткен қулардың ортасында ахирет жабдығын, Құдай сөзін қанша ырғағына келтіріп айтаныңмен, далада тұрған молаға, иесіз қалған қораға айтылған бір сөз болады. «Надандардың ортасында ғылым мағрипат сөзін шашып таратпағың- соқырларлың ортасына шам жаққанмен бірдей» деген.

Бір нәрсені жақсы көріп, мағына қоймау - әлбетте соқыр, саңырау қылар деген сөз бар. Бұл сықылды мәжілісте көңіл көзін тігіп, жан құлағын салып, есі-дерті айтылған сөздің төркінінде болатын тыңдаушының жоғынан сөз сөйлеушінің аузына сөз салып тұратын Ғайып (Берен) пірі сықылды иесі ұйықтап қалады.

Алла тәбәрік тағала хикмет иесі уағыз айтушының көңіліне, тыңдаушының фаһым һамматының мөлшеріне қарай сөз салады...

Шайхы Әбілқасым Бағдат қаласында бір күні уағыз айтып тұрғанда аузына сөз түспей қойды. «Ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең» таусылмайтын сөзім қайда кетті ? деп өз өзінен қайран қалды. Бұл кісінің мүмин кәміл, пір жолдасы бар еді, жетіп келді:

-Бұл құзырыңда отырған жұрт не қылып отыр, көрдің бен өзің ?- дейді.

Шайхы –Бөтен: Дәнеме қылған жоқ, ішінде бірлі- жарым ұйықтап отырғаны бар,- дейді.

-Соларға көзңді ашып, әбден байқап қарашы,- деп көзін бір сипап жіберді. Қараса ұйықтағандардың басында екі қанатымен құлағын бүркеп, құйрығымен екі көзін бүркеп бір-бір қарға отыр.

Шайхы қайран қалды, жолдас пірінен сұрады. Сонда ол пірі айтты;

-Бұл қарғалар –шайтан ғалия лағнат малғұндар. Сенен сөз тыңдаймыз дегендер мынадай болған соң, сенің аузыңа сөз қалай түссін ?!


*Абайдың «сөз түзелді тыңдаушым сен де түзел» дегенін еске түсіреді. Қазақтың «тыңдаушысы болмаса сөз жетім» дегені бар. Заман азып, тыңдаушы тозып кетсе бәрі бекер.

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс