Бір үйдің есігі ашық қалса, ішінде адамзат жоқ болса, ол үйге ит қалай кіремін десе, кіруге ерікті. Көңіл деген үй сықылды нәрсе. Оның ішіне кіретұғын иесі –жаратушы Құдай һәм Құдайдың пікір-зікірі. Құдайдың пікір-зікірі болмаған көңілге Шайтан ғалия лағнат қалай кіремін десе, кіруге ерікті.
Шайтан ұялаған көңілдің иесі болған кісінің намазды оқығаны не, оқымағаны не ?! Сол үшін құлақ қағып намазға кірісе бастаса, қайдағы бір ұмытқан шаруасы есіне түседі. Көңіл өз жұмысымен алданып тұрса, бөтен жаққа бұрылуға қолы тиіп, мұршасы келе алмайды.
Намазда тұрғанда көңілдің жұмысы құлақ қағып «Алла акпар» демек, оны мағынасы «Ай, бар Құдай, сенің жолыңда мына мен өзімді құрбан қылдым». Намазға кіріскенде «Бисмилла», «Алла акпар» деумен бауыздалған малдың жаны жалған дүиемен амандасқандай, намаз оқушы һәм қашан намаздан босағанша жалған дүниемен амандасты. Солай болғаны үшін шариарлардың бірден соңғы фазылы Ғұмар намазда тұрғанда өзін біреу қылышпен шапса да қол көтермеді.
Қол қусырып, құбылаға қарап, Құдайға жылап, намаз оқумен адам нәпсісін өлтіреді. Қиямет күнінде Құдай алдында қалай тұрасың, намазда солай тұр. Бұл күнде мұңайып мөлимегенмен, ол күнде Құдай алдында тұруың «айдан- жарық, күннен –раушан».
Құдай тағала сол күнде «Ай, пенделерім, дүниеде сондай кеңшілік бердім, маған сен не келтірдің ? Пәлен жасқа жеткенше ғұмырыңда не қызмет атқардың ? Пәлен демалыс бердім, ол демалысты не қызметпен тауыстың ? Ғақыл бердім, қандай орынға жұмсадың ? Ғылым бердім, оның күшімен не жұмыс қылдың ? Мал бердім, оны қалай аударып-төңкердің ? Егін салыңдар деп жібердім, қандай жерге егін салдыңдар, қанша еңбек алдыңдар ? Гауһар тастай көз бердім, саңғырлап тұрған құлақ бердім. Қалай жұмсасаң икеміңе көнетұғын қол бердім. Қолыңды ойлаған жеріне жеткізетін тіл бердім, ойлаған жеріңе баруға аяқ бердім.
Не келтірдің, не түрлі қылмысың бар ? Тән жараттым, балдан тәтті жан жараттым, биһам қылмадым, инсан жараттым, һимша айналдым. Тәртібіңді не қылдың, пір жібердім, ниетіңе дұрыс жол салдым. Кәні шүкір еткенің ?!
Дүние бір базар, осыншама сомамен жіберген маған не базарлық ала келдің ? деген уақытта не жауап айтамыз деп ұялудың күштімінен иіліп тез басса керек.