МӘШҺҮР ЖҮСІП: ЕРДІҢ ҮШ ЖҰРТЫ БАР

МӘШҺҮР ЖҮСІП: ЕРДІҢ ҮШ ЖҰРТЫ БАР

1642
2 мин
МӘШҺҮР ЖҮСІП: ЕРДІҢ ҮШ ЖҰРТЫ БАР

«Ердің үш жұрты бар» деуші еді, бірі өзінің туған жұрты, бірі-нағашы жұрты, бірі- қайын жұрты.

Туған жұрты Айдабол-Күліктің Күлігі еді. Бұрыңғы ақындардың бір ауыз өлеңі:

Ау, балам, танымаймын, не ел боларсың,

Не дәулет, не перзенттен кем боларсың?!

Көтешті жүзге келген тонаймын деп,

Айдабол мен Күлікке жем боларсың!

Өз әлінше әкесімен бірге туысқан бауырларынан Кқпей деген кісі артық туды, Тілеумбет деген бір тайпа елде мұндай болып туғаны жоқ. Ол Көпейден туған Мәшһүр Жүсіп. Осы сықылды баланы туғызған жанды «осал» деп ешкім айта алмас.

Нағашы жұрты Алтай еді. Бұрыңғының ақындары айтқан екен:

Арғын болсаң -Алтай бол,

Алшын болсаң –Адай бол,

Үйсін болсаң-Сиқым, Жаныс, Ботпай бол.

Найман болсаң-Қаракерей, Садыр, Матай бол.

Өзгең қалай болсаң солай бол !- деп.

«Ат- биеден, алып- анадан» деген, Ат биеден туатын болса, мұны тапқан қатын да Алай-Мұрат, тоғыз ұлды Бегайдармен бір туысқан Жылқыайдар ұрпағының қызы еді.

Қайын жұрты Айдабол –Төлебай ұрпағы Бәзіл, Боштай. Оның да жұрыны емес, жолдасы еді.

«Өзім бай, нағашым бай, қайыным бай, Қайтсең жарлы қыласың Құдайым-ай?» деп жүргеннің өзі еді. Құдай бұл Мәшһүрдің үш жұртын толық қылып еді, балаларының екі жұрты толық болса да, бір жұрты солық болды...Менің билігім, менің ұнатуыммен болған жұмыс емес. Үш жүздің баласы ден қойған, Алты алаш «Осы біледі-ау !» деген жанға сабағат салмай, өз бетімен іс қылған бала оңушы ма еді ?!

*Қай заманда болсын есте ұстайтын өте керекті ғибрат, Үш жұрты тең болып, бір-бірімен үйлесіп тұрмаса азамат елдің алдына шыға алмайды. Отбасын құрамын, бала туғызамын дедің бе, ердің үш жұрты туралы тәмсіл есте болуы керек.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс