MҰНАФЫҚ

MҰНАФЫҚ

167
3 мин
MҰНАФЫҚ

 

  الَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ شَرَّ النَّاسِ ذُو الْوَجْهَيْنِ الَّذِي يَأْتِي هٰؤُلَاءِ بِوَجْهٍ وَهٰؤُلَاءِ بِوَجْهٍ. (خ)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Адамдардың ең жаманы екіжүзді (мұнафық) болғаны, (халықтың) бір бөліміне басқа жүзбен, ал екінші бір бөлігіне өзгеше жүзбен келеді”. (Сахих Бұхари)

Нифақ – екіжүзді болу, сөзімен мүмін не дос көрініп, жүрегінде күпір мен жаулығын жасыру. Ондай сипатқа ие адам мұнафық аталады. Яғни Aлла Tағалаға, Пайғамбарымызға (с.a.у.) және иман негіздеріне сенбесе де, сенгендей көрініп, сондай амал жасайтындар. Пайғамбарымыз (с.a.у.): “Екіжүзді адам  Aлла алдында еш орын иелене алмайды” деген. Сол үшін адам адал болуға тиіс, тілі жүрегіне, ал сөзі өзіне сай болуы керек.  

Пайғамбарымыз (с.a.у.) бір хадисінде мұнафықтарды былай баяндайды: “Мұнафықтың үш белгісі бар: Сөйлесе, өтірік айтады, серт берсе, одан айныйды, аманатқа қиянат жасайды”.

 Былайша айтқанда, біреудің мұнафық екенін дәлел үшін оның бойындағы үш белгі жеткілікті. Өйткені, байыпты, адал мұсылман жалған айтпайды, берген сөзіне қарсы шықпайды, өзіне көрсетілген сенімді құрметтейді, Aлладан қорқады, ожданынан ұялады, дін мен ахлаққа қайшы нәрсе істемейді. Исламның бұл көркем тәрбиесі болмаса, оның бойында ахлаққа жат жай-күй көбейген жағдайда оған таң қалудың қажеті жоқ. 

Нифақ пен қиянат бір. Тек қиянат серт пен аманатқа, ал нифақ дінге қатысты астыртын арам пиғыл үшін қолданылады. Нифақ адамдардың сырттай жақсы көрінуі уланған судың мөлдір көрінетіні секілді. 

Пайғамбарымыз (с.a.у.)  “Үмметімнен ең көп қорқатын адамым ілімі (тек) тілінде болған, (сенімі бұзық, ілімімен амал етпейтін) мұнафықтар” деген. Иә, біраз мәліметке ие, жөнімен, әдемі сөйлейтін адам әдемі сенімге ие болмай мұнафықтарша әрекет ететін болса, оның жамандығынан сақтану қажет. Өйткені әдемі сөзі мен тілі оның бұзық ой-пікіріне көрік беріп, сырттай дұрыс көрсетіп, талай ғапыл жанды бұзық ойына ертеді. Сондықтан қазіргі таңда көп шешеннің, қаламгердің сөзін, жазғандарын ұқыппен тыңдау не оқу керек. Қазір қасиетті сенімімізге басы бүтін қайшы нәрселерді бүгінгі мәдениеттің ажырамас бөлшегіндей көрсетіп, кеңес беруден тартынбайтын адамдар баршылық. Ондайларға өте абай болу керек. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс