МҰХАМЕДҒАЛЫМ ХАЗІРЕТ МҰСАҰЛЫ РАМАЗАНОВ (1838-1917)

МҰХАМЕДҒАЛЫМ ХАЗІРЕТ МҰСАҰЛЫ РАМАЗАНОВ (1838-1917)

1323
2 мин
МҰХАМЕДҒАЛЫМ ХАЗІРЕТ МҰСАҰЛЫ РАМАЗАНОВ (1838-1917)

Қазанда атақты Смағұл Алықошқардың медресесінен оқып шығып, елде 40 жылдай мешіт-медресе ұстап бала оқытқан. Руы Бәсентиін ішінде Бұқакүбір. Ертіс бойының игі - жақсыларының бірі Жәлелдин болыстың туған ағасы, ел ағалары ағайынды Аманолла мен Бағұстар Рамазановтардың немере туысы.

1900-жылдардың басында Жәлелдин Маралды болысынан (болыс басы Арынғазы төренің баласы Бәстеми) бөлініп жаңадан Басқұдық болысын құрайды. Болысқа Бұқакүбір, Сәмек,Көшеншүрек, Бөрі рулары қоныстанып барлығы 7 ауыл кіреді. Осы болысқа қарасты 200-ге тарта үйден тұратын Бұқакүбір ауылы Ертістің бауырында қазіргі Еңбек (бұрыңғы Путь Ильича) аулының тұсында, Қаратоғайда орналасқан. Бұл көлемі 90 десятный жер Ресей патшасының грамотасы бойынша Жәлелдиннің атасы Жақай Рамазанұлына берілген болатын. Осы Бұқакүбір аулында бұрыннан салынған мешіт пен сиымдылығы 200-ден астам шәкірт қатар оқитындай медресе болған. Алыстағы ауылдың балалары жатып оқуы үшін медресенің жанында жатақхана болды. Медреседе Ғабдылатиф Сұлтанғазин, Шерияздан Шүленов т.б. халфелер сабақ берген.

Мұхамедғалым хазіреттің медресесінде 1910-1916 жылдары оқыған шәкірттердің бірі Әлібаев Арын ақсақал (1904 жылы туған, руы-орманшы, бүгіндері Ақсу ауданы, Құркөл аулында тұрады).

Медреседе жан-жақты білім жақсы тәрбие алған. Арекең әртүрлі басшы қызметтерді атқарды.

Мұхамедғалым хазіреттің қайтыс болуына байланысты әйгілі ақын Сәбит Дөнентаев «Баимбет» деген бүркеншек атпен «Сары арқа» газетінің 1917 жылғы 24-санына жарияланған мінақыбында былай дейді: «...Марқұм өзі қарт 79-да бола тұрып, жаңалықты ұнатуы, газет оқуы, («Тәржіманды» шыққаннан бері алдырып тұрды) қазақтың партиясына қатыспауы, һәм бала секілді ақжүректілігімен «сәлделілерге» өрнек боларлық адам еді».

Мұхамедғалым хазірет қайтыс болғаннан кейін 1919 жылы Бұқакүбір аулындағы мешіт-медресе жабылды.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс