ҰЛЫҚПАН ХАКІМНІҢ ПЕРЗЕНТІНЕ АЙТҚАН 100 НАСИХАТЫ

ҰЛЫҚПАН ХАКІМНІҢ ПЕРЗЕНТІНЕ АЙТҚАН 100 НАСИХАТЫ

814
5 мин
ҰЛЫҚПАН ХАКІМНІҢ ПЕРЗЕНТІНЕ АЙТҚАН 100 НАСИХАТЫ

1- ұлым, әуелі Ұлы Құдіретті Жаратушыны таны.

2-біреуге насихат айтсаң, алдымен өзің оны атқара біл.

3-сөзді жағдайға қарап сөйле.

4-адамдардың қадірін біл.

5-басқалардың пікірін тыңдай біл.

6-сырыңды құпия ұстай біл.

7-досыңды қиын күндерде сына.

8-қараниет, надан адамдардан алыс жүр.

9-досыңды пайда, зиян алдында сына.

10-дос болуда дана, ақылды адамды талда.

11-жақсы істі бар зейініңмен істе.

12-әйел адамға өте сеніп кетпе!

13-үнемі данышпан адамдармен сұхбаттасып тұр.

14-сөзді негізімен (дәлелімен) сөйле.

15-жастығыңды қадірлей біл.

16-жас кезіңнен бастап екі дүниенің жұмысын тең істе.

17-дос-жарандарыңды қадірле.

18-дос -дұшпаныңның алдында екі беткейлік қылма.

19-ата-анаңды қадірле.

20-ұстазыңды ата-анаңнан да артық сыйла.

21-ақша жұмсауда кірісіңе қара.

22-әрқандай іс істеуде өзіндік қыбланамаң болсын.

23-асыл қасиеттілік алға бастар ұраның болсын.

24-қонақ күтуің қағидалы болсын.

25-біреудің үйіне барғанда көз, тіліңе көңіл бөл.

26-киіміңді, денеңді таза ұста.

27-жамағаттан (қауымнан ) алыстап кетпе.

28-перзентіңе ғылым -білім үйрет.

29-мүмкін болса перзентіңе атқа мінуді, мергендікті үйрет.

30-аяқ киімді оң аяқтан бастап киіп, сол аяқтан шеш.

31-бір адаммен бірігіп жұмыс істесең, сол адамды алдымен түсініп ал.

32-түнде сөйлесең мұлайым, ақырын сөйле.Күндіз сөйлесең маңайыңа қарап сөйле.

33-аз жеу, аз сөйлеуді өзіңе әдет қыл.

34-өзіңе жақпаған істі басқаға зорлап таңба.

35-алдымен ақыл-амал ойлап, одан барып жұмыс бастауды үйрен.

36-оқып үйренбей тұрып, ұстаздық істеме.

37-әйел мен балаға сыр айтпа.

38-біреуден жақсылық дәметпе.

39-ақымақ адамдардан жақсылық күтпе.

40-әрқандай істе бейғамдық істеме.

41-бүгінгі істі ертеңге қалдырма.

42-істелмеген жұмысты бітті деп есептеме.

43-өзіңнен үлкен адамға қалжың айтпа.

44-өзіңнен үлкен адамды құрметтей біл.

45-амал бар басқаларға жаман көрінбеуге тырыс.

46-қажеті күшті адамдарды үмітсіздендірме.

47-өтіп кеткен көңілсіз істерді қайта ойлап жүрме.

48-басқалардың жақсылығын өз жақсылығыңмен араластырып алма.

49-қаншалық байлығың барлығын дос-дұшпаныңа білдірме.

50-туыс-туғандардан алыстап кетуден сақтан.

51- жақсы адамды өсек арқылы еске алма.

52-өзімшіл болудан сақтан.

53-халық жүрген жол болса, сен де ілес.

54-қолыңмен ауыз-мұрныңды шұқылама.

55-адамдар алдында тісіңді шұқыма.

56-мұрныңды қатты сіңбірме, дауыстап қақырынып түкірме.

57-есінесең қолыңмен аузыңды жап.

58-басқаларға қарап керілме.

59-саусағыңды мұрныңа тықпа.

60-маңызды сөзге қалжың араластырма.

61-біреуді басқалар алдында ұялтпа.

62-ишарат арқылы басқалардың айыбын ашпа.

63-бір айтқан сөзіңді қайтадан қайталама.

64-басқаларды әдепсіздікпен күлдіруден сақтан.

65-өзіңді және жақын досыңды басқалар алдында мақтаудан сақтан.

66-өзіңді әйелдерге ұқсас жасама.

67-балаларың не айтса, соны істеп берме.

68-тіліңді ая.

69-сөйлеген кезде қолыңды ербеңдетпе.

70-барлық адамды құрметтей біл.

71-білімсіз адаммен сырласпа.

72-өлген адамды жамандаумен еске алма, оның пайдасы жоқ.

73-амалдың барынша басқалармен ұрыспа, кек сақтама.

74-басқалардың күш-құдыретін сынаушы болма.

75-ұлы адамдардың сынын есіңе мықты ұста, күмәнді көзқараста болма.

76-өзіңе тиісті нанды басқалардың дастарқанында жеме.

77-жұмысты жүрді-барды істеуден аулақ бол.

78-мал-дүние үшін өзіңді өте қинап кетпе .

79-кімде-кім өзіңді танымай қалса да, сен оны таны.

80-ашуың келгенде сөзді абайлап сөйле.

81-шапаныңның етегімен мұрныңды сүртпе.

82-күн шыққанға дейін ұйықтама.

83-басқалар алдында жалғыз нәрсе жеме.

84-үлкендердің алдына отырып алма.

85-басқалар сөйлеп жатқанда сөзін бөлме.

86-басыңды салбыратып отырма.

87-көшеде жан-жағыңа жалтақтап жүрме, алдыңа түзу қарап жұр.

88-амал бар жайдақ атқа мінбе.

89-қонақтың алдында басқаларға ренжіп ашуланба.

90-қонақты жұмсама.

91-қайыршы және мас адаммен сөйлеспе.

92-маңайыңдағы жалқау, қолынан іс келмейтін адамдармен бірге отырма.

93-пайдалы деп абыройыңды түсірме.

94-менменшіл, тәккаппар болма.

95-басқалардың саған қошамет көрсетуінен қаш.

96-ұрыс-төбелестен, басқаларға қайшылық тудырудан аулақ бол.

97-пышақсыз, жүзіксіз (ерлерге алтын істету һарам) және ақшасыз жүрме.

98-өзіңді өте төмен санама.

99-өзіңді қарапайым, әдепті ұста.

100-Алладан қорық, басқалар үшін жақсылығыңды аяма, біреудің мал дүниесіне көз қызартпа.

Ұлықпан Хакім және былай дейді: насихат туралы үш мың нақылымның ішінен үш кәлимә талдап алдым, бұл үшеудің екеуін есіңде мықты сақта, ал біреуін ұмытып кет, есіңде мықты ұстайтын екеуі:

1 - Алланы ұмытпа,

2 - өлімді ұмытпа,

3 - ұмытарың басқаларға істеген жақсылығыңды ұмыт.

Арман ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ


  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс