"Үш жүз жылдай отарлықтың бар қасіретін, кеңестік қырғынның талай ойранын көріп, бірақ беріспей, бүгінгі күнге аман-есен жетсек, ол — біздің ұлттық мәдениетіміздің, салт-дәстүріміздің әлеуетті тірегі саналатын ислам дінінің арқасы".
***
"Халықсыз мемлекеттің болмайтыны сияқты мемлекет те дінсіз болмайды. Ал халықтың сана-сезімін, ар-ожданын, салт-дәстүрін қалай мемлекеттен, діннен бөле аламыз? Мемлекеттің дінді реттеушілік рөлін қайда қоямыз? Адамның тәні мен жаны сияқты ел халқының болмысына етене жақын сіңіскен дінді мемлекеттен түгел ажыратуға болмайды".
***
"Ислам діні ұлттық мүддені қорғаудың негізіне айналып, ұлттық бірлікке, отаршылдыққа қарсы күреске жұмылдырушы күш болды.
...Діннен айырылған халық ұлттық қасиетінен де айырылады".
Амангелді АЙТАЛЫ