РУМИДІҢ ДӘЙЕКТІ СӨЗДЕРІ

РУМИДІҢ ДӘЙЕКТІ СӨЗДЕРІ

374
2 мин
РУМИДІҢ ДӘЙЕКТІ СӨЗДЕРІ

 

Парсы, түрік, араб және грек тілінде жазатын Румиді көптен бері білемін. Сонымен қатар Румидің - сопы екенін, Мәуләуи сопылық мектебін ұйымдастырушы екенін де білемін. Сопылықта самағ - айналып билеуді де шығарған сол болатын. Бірақ бұрын-соңды Руми шығармаларын оқудың сәті түспей жүр еді. Румидің 1000 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып жатқаныма бір сөтке болды. Оның шығармаларындағы кейбір дәйекті сөздер ішімде бір түрлі құбылыс туғызды:

“Жарақат - деген сенің денеңе сәуле түсіретін саңылау”

“Кішкене бала тәттіні қалаған секілді - ақылды адам өзін билегісі келеді.”

“Құдайды ұзақ уақыт христиандардан іздедім, бірақ ол айшықта (крестте) жоқ болды. Үндістердің храмдары мен буддалықтардың ежелгі монастырларында да болдым. Ол жерлерде де Оның тіпті ізі де жоқ. Сосын Қағбаға аттандым, онда да Құдай жоқ болып шықты. Сол кезде мен өз жүрегіме үңілдім. Басқа еш жерден таппаған Құдайым сонда екен...”

“Жаныңа жарақат салған нәрсенің бәрі, соларды жеңіп өтетін береке береді. Өміріңде сені қоршаған ортаның қараңғылығының бәрі - нұрыңның қайнары.”

“Ақылыңды сат та, орнына таң қаларлықты сатып ал, себебі ақылдың парасаттылығы терең ой, жақсы пікір, ал таң қалу - көкірек көзімен көру.”

“Өміріңде туып жатқан өзгерістерге қарсыласпауға әрекеттенніп көр. Оның орнына өмір сен арқылы өтсін. Оның аяғы аспаннан келіп өзгеріп жатқанына уайымдама. Қазір басыңнан өтіп жатқан нәрселердің болашақ өміріңнен артық екенін қайдан білдің?”

“Ұлық Құдай үш түрлі әдіспен жауап береді. Ол “иә,”-дейді де қалауыңды береді. “Жоқ,”-дейді да, саған артығын береді. “Шыда,”-дейді да ең жақсысын береді.”

“Тыныштық - Құдай тілі, қалғанының бәрі - сәтсіз аударылым.”

“Сен іздеп жүрген, сені іздеуде.”

“Үндеме... Құдайдың есікті қалай ашып жатқанына қара. Неге сен осы есікті қайта жауып тастайтын ойларға беріле бересің.”

“Дұрыс және дұрыс емес түсініктердің ар жағында кеңістік бар. Мен сені сол жақта күтемін.”

Mikhail Dzernakovski

аударған Жүрсін Кәрім

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс