Үйлену оңай, әрине,
Үй болып кету қиын-ды.
Үйлену, той мен салтанат,
Салт боп тұр жасау жиынды.
«Балама бақыт бер деп шын»,
Ата-ана талай сыйынды.
Үмітін ақтау елінің,
Жақсыларға бұйырды.
Жақсы бала болады,
Халқының жасыл шынары.
Жақсы келін, жақсы ұл,
Алты алаштың мұрады.
Отау құру күрделі,
Алланың бұл да сынағы.
Аты озған бәйгеден,
Халықтың болар тұмары.
Қосылыпты екі жас,
Табылып бүгін сыңары.
Бүгінгі бата сендердің,
Жолығды ашып тұрады.
Ашық болсын бұл күні,
Періштенің құлағы.
Отауларың болсыншы,
Жақсылардың тұрағы.
Махаббаттың мөлдіреп,
Ағып тұрсын бұлағы.
Ғасыр бойы шырқалсын,
Махаббаттың ұраны.
Қос аққудай қалықтап,
Болыңдар халық қыраны.
Батасын алсаң үлкеннің,
Мерейің өсіп тұрады.
Хан түстенер үй болсын,
Жарқырап жанған шырағы!
Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ