ИСЛАМ ДІНІ

ИСЛАМ ДІНІ

236
3 мин
ИСЛАМ ДІНІ

 

 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اَلْاِسْلَامُ حُسْنُ الْخُلُقِ. (كنز)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Ислам– көркем мінез ”. (Кәнз ул-уммал)

Бүкіл пайғамбарларға уаһи болып, түскен хақ әрі жалғыз дін Ислам діні. Расында Али-Имран сүресінің 19-шы аятында (мағынасы), “Алла дәргейінде жалғыз дін – Ислам” дейді.

Ислам діні ең бірінші Адам алайһис-саламға, сосын басқа пайғамбарларға уаһи болған, жіберілген. Ең соңғы әрі ең көркем нұсқасы Пайғамбарымыз Mұхаммед Mустафаға (с.а.у.)түскен.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) осы хақ дінді барша адамзатқа және жындарға білдіру үшін жіберілген, сол үшін де оның шариғаты ең соңғы шариғат және өзі ең соңғы пайғамбар болған.

Бүкіл пайғамбарлардың дінді танытуында ортақ нәрсе мыналар:

Aлла Tағала бір. Бүкіл кемелдік сипаттарға ие және кемшілік атаулыдан ада.

Aлла Tағалаға ықыласпен құлшылық ету, салих амалдар жасап, оның рақымына жақындауға күш салу.

Aлла Tағаланың періштелеріне, пайғамбарларына және пайғамбарларына жіберген уаһи мен кітаптарға, кесір мен тағдырға, ақырет күніне, өлген соң қайта тірілетініне, жәннат, жаһаннам және басқа ақыретке қатысты жайлардың рас екеніне иман ету.

Aлланың әмірі мен тыйымдарына бойұсыну.

Пайғамбарларға бағынудың, кәлима шаһадат айтудың, намаздың, оразаның, қажылық пен зекеттің парыз екеніне сеніп, тиісінше әрекет ету.

Құран кәрім оқу, дұға, зікір, т.б. нәпіл ғибадаттар арқылы Aлла Tағалаға жақындау.

Жаман ахлақтан қашып, көркем ахлаққа ие болу.

Некенің халал,  зинаның харам екенін біліп, соған сай әрекет ету.

Әділет, жақсылық, адалдық, туралық, антқа адалдық және аманатты орындау. Жалған сөйлеуді, халыққа зұлымдық жасауды және халық құқығына қол сұғуға тыйым.

Жақсылыққа қосу, жамандықтан тосу міндеті.

Қылмыскерлерге кінәсінің түріне қарай жаза тағайындау.

Aлланың ұлық есімін және пайғамбарының сүннетін таныту үшін жихад жасап, күш жұмсау. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс